Байлық туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 149
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 61
Нақыл сөздер: 90
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 2
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Білімді іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азаймайды, байлық жұмсасаң азаяды, білім артық болатыны содан.
©  Әзірет Әлі
Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды көбейтеді.
©  Әзірет Әлі
Білім сені бағады, байлықты сен бағасың сондықтан білім артық.
©  Әзірет Әлі
Білім артық, өйткені ол Пайғамбардан қалған мирас, байлық бақылдардан қалған мұра.
©  Әзірет Әлі
Топас-тоғышар байып кетсе адамдық қасиеті одан сайын кемиді. 
©  Артур Шопенгауэр
Байлық теңіз суы секілді, ішкен сайын шөлдейсің. Атақ-даңық та сондай нәрсе. 
©  Артур Шопенгауэр
Адам жалғыздықта ғана өзіне қайтады, жан дүниесіндегі бар байлығы өзіне ашылады. Ондайда, әдемі киіміне қарамастан тоғышардың бейшара көңілі өксік..
©  Артур Шопенгауэр
Баянды нәрсе байлық емес, адамдық қасиет. 
©  Артур Шопенгауэр
Байлық тұзды су сияқты: iшкен сайын шөлдетедi. Даңқ та сондай. 
©  Артур Шопенгауэр
Дүниедегі байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі де осы — нан байлығы. 
©  Ғабиден Мұстафин
Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық. 
©  Ғабиден Мұстафин
Бақыт қарапайым өмір сүруде. Зәулім үй салып шаршағанша жай үй сал, қымбат машиаға асылғанша зулап тұрған көлік ал, қанағат етіп жаныңды тыншыт. Өмір..
©  Нұрхалық Абдырақын
Маңызды емес, бай немесе жоқ, мен — бақытты адаммын, себебі мен істеген нәрседен ләззат аламын. Бұл іс жүзінде басты байлық.
©  Сергей Брин
Байлық та, мансапта саған сынақтан басқа ештеңе емес.
©  Нұрхалық Абдырақын
Байлық пен атақ кездейсоқтық емес Сіз орта мектепті бітіргеннен кейін долларлық миллионер болмайсыз немесе сіз өзіңіз ақша тапқаннан кейін тойлайтын..
©  Билл Гейтс
Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады. 
©  Білге қаған
Бақыт пен денсаулық тілемеңіз, сәттілік тілеңіз. «Титаник» жолаушыларының барлығы бай-қуатты болды, ал жолы болғыштары бірнешеу ғана.
©  Уинстон Черчилль
Қанша байлық жисаң да – бұйырғаннан артық жей алмайсың.
©  Қорқыт ата
Бар - бақыр, жоқ - алтын.
©  Қорқыт ата
Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер.
©  Қорқыт ата
Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін − рухани ерлік керек, жалпақ əлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін − рухани байлық керек. 
©  Әбіш Кекілбаев
Бос уақытымды тиімді пайдаланғанымның арқасында мен қазір баймын.
©  Роберт Кийосаки
Қазына бірге емес, көпке байлық.
©  Эльмира Омарбекова
Бақ пенен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Бай болу, кедей болу - тағдыр ісі.
©  Иүгінеки Ахмед