Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Үй ішілік ахуал – өмір үшін мазасыздықтың бір көрінісі.
©  Жан Бодрийар
Бірқатар өркениеттер үшін адамның қуат-күші мен жануарлардың қуат-күші бірдей.
©  Жан Бодрийар
Жиһаздың да, басқа да заттардың да негізгі міндеті – адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнына жүріп, олардың өмір сүріп жатқан кеңістігін толтыру.
©  Жан Бодрийар
Молшылықта заттың аздығы емес, тез бүлінетіндігі мұңға айналады.
©  Жан Бодрийар
Негізінде, робот – қашан да құл болып қала бермек.
©  Жан Бодрийар
Орын алмастыра алмаушылық бар екенін бадырайта білдіру мен иерархиялық рəсім зат біткеннің бəріне де тəн.
©  Жан Бодрийар
Көзқарас – бойға бітер қасиеттің ең қатерлісі.
©  Жан Бодрийар
Зат дегеніміз – ғажайып үй жануары.
©  Жан Бодрийар
Зат – біздің уақыт пен ажалға байланысты қорқыныштарымыздың аузына құм құятын тұрмыстық мифология.
©  Жан Бодрийар
Зат – адамның оған қатысты жасайтын қадамдарынан да гөрі күрделіленіп барады.
©  Жан Бодрийар
Зат – қоршаған ортасын қалыптастыруға келгенде адамның өзінің алдына түсіп алады да, оның əлдебір қадамдар жасауына ұйтқы болады.
©  Жан Бодрийар
Қашан да дайын тұрушылықтың соңы сөзсіз үрейге ұласады.
©  Жан Бодрийар
Американдық өркениет қаза мен ресми рəсімнен басқа жерде қара түстің не екенін білмейді. 
©  Жан Бодрийар
Кеңістікте – айна қандай рөл атқарса, сағат – уақыт үшін сондай рөл атқарады.
©  Жан Бодрийар
Адам – заттан, зат – адамнан еркін бола алмайды.
©  Жан Бодрийар
Түкке тұрмайтын бірдеңенің бəсін көтеру үшін – оның маңайында едəуір бос қуыс жасалады.
©  Жан Бодрийар
Тіл – ұзақ-сонар қызыл-жасыл метафорасыз күн көре алмайды.
©  Жак Деррида
Оқырман не бəрінен хабардар, не ештеңе білмейтін болуға тиіс.
©  Жак Деррида
Таза «иə» болмайтыны тəрізді, таза дарын деген де болмайды.
©  Жак Деррида
Ең бір сеніп қалуға болмайтын нəрсе – тарихтың метафизикалық ұстыны.
©  Жак Деррида
Деректің өзі – теория: сипаттап берсең болғаны.
©  Жак Деррида
Нүкте қашанда қалауыңызға қарай қойылады.
©  Жак Деррида
Тілге бұйырған тағдырдың өзі – тəннен бөлініп шығу.
©  Жак Деррида
Бір мезгілде əрі талдап отырған мəтіннен көз жазып қалмау, əрі өзің тапқан дүние боларлық бірдеңе жазып шығу – мүмкін емес.
©  Жак Деррида
Жай-жапсарын толық тəптіштеп əңгімелеу деген – маңызды деталь дегеннің бəрін сүзгіден өткізіп, сұрыптауға жатады: яғни цензура жасау деген сөз.
©  Жак Деррида