Оқушыларға арналған жаңылтпаштар туралы Жаңылтпаштар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жаңылтпаштар: 16

Құман от басында,Жүген ат басында.От басынан құманды алыс тастасын ба?Ат басынан жүгенін ап, ноқта салсын ба?
Көбейсін ат ұстар,Болмасын атыстар,Болса мол атыстар,Қалмайды ат ұстар.
Тас, тас, тасбақа,Асты-үстінде тас-тапа.Келсін қасқа – асқа, ата,Берші бата, досқа, ата.
Құла құланнан туған туған құла құлын құнан құланнанТуған құла құлынның құлағынан да келмейді.
Жақсы аттыӘп-сәтте АсқаттарАқсатты.Ақсақты,ТоқсақтыЖаза алмай бас қатты.Ақсатса жақсы аттыКім болар жақсы атты?!
ШұғайбайШығайбайға:– Су қайда, әй? – деді.ШығайбайШұғайбайға:– Шық, ойбай! – деді.
Үш ұшқыш алдыҮш кірқысқыш,Үш тісысқыш.Кірқысқыш қымбат па?Тісысқыш қымбат па?
Топ, топ бала, топ бала,Ойнап жүрген көп бала.Жүгірсе де қаншама,Қуатыны доп қана.
Байқап-байқап тал арала,Тал ішінде талар ара.Араласаң, қала арала,Таппай сені қалар ара.
Кей кісі ауырса бір,Елді етер абыр-сабыр.Елді етпес абыр-сабыр,Бәрінен де тәуір сабыр.
«Дұрыс» деп Тұраш айтты,«Бұрыс» деп Бораш айтты.«Рас» деп Раш айтты,«Жалған» деп Жарас айтты.Қайсысы жалған айтты,Қайсысы рас айтты?
Қырда қырғилар құрға құлдилап ұшты,Қырда құрлар қырғидан құлдилап қашты.
Сыйлыгүл сырмақты сыри берді, сыри берді.Сырлыгүл Сыйлыгүлге сыйлыққа сиыр берді.
Қайта, қайта жатталды,Айта, айта жақ талды,Айтқан еңбек ақталды,Жатталған мәңгі сақталды.
Бір істі Жарабай жобалай қойды,Ол іске Жоламан жоламай қойды.
Жорғаң жорға-ақ екен,Желіске шорқақ екен.Шабыстан қорқады екен.