Ұзын жаңылтпаштар туралы Жаңылтпаштар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жаңылтпаштар: 45

Ағам талай ат тағалады,Ағам қалай ат тағалады.Қалай ат тағалағанынБілсем,мақтана аламын,Білмесем,ұятқа қаламын.
Тасбақа құмын іздеді,Қасқыр жымын іздеді.Шымшық шыбын іздеді,Ал інім кімін іздеді?Інім тайын бүгін іздеді,Тайын тауып маған: «Мініңіз!» ..
Төлеш төгіп тегешті,Тілешке төніп егесті.Тегешті төккен Тілеш емес-ті,Төлеш несіне тежесті?
Тесікті есіккеТескішпен тез тескізші.Тескізген есікке өткізерТүбіттен жіп ескізші.
Сомадай ШалабайСолақай Санабайды,Соқталдай Шанабайды,Сопиды шала алмай.
Сайыста сасйыссаң қайыспа,Сайысшы сайыстырса,Сайғақтай саяқ шық сайыста.
Реттегіш реттеңкіреп реттестірсе,Ретсіздік те реттелер,Ретін тауып іздеттірсе.
Пішіні пішіндестің пішінін,Пішіншіге пішіндеткізші,Пәруай пейілді дәлелдеп мүсінін.
Өрені өрелі өрелес,Өнерін өрелемес.Өресіз өрені өркендеп,Өркештеніп төрелемес.
Ортаңбай, орқаштанбайОртақ тіл таба аласың ба,Ортақтасса, ортада қаласың ба?
Ойран шөп ішін аралар аралар,Орала ұшып гүлге қадалар да, бал алар.
 Нау да дау, дау да нау.Науандау наудыңНауа жолында дау жолықты.
 Мықтымсынған мықты мығымсыз шықты,Мықшыңдатып мыртық-ақ оп-оңай жықты.
Мәтектетіп мытуға мәтібилеуМәулен інім түйе мәтектеп,Мәңгіртіп-ақ жібереді шекеден шерткенде.
Қырқадағы қырық арқар,Қырқы-дағы қиқар арқар.Қасқиғаны марқа арқар,Қалқадағы қарт арқар.
Қылжақбаспен қылжақтаспашы, қылжалаңдап,Қылжың қалжыңшы қылжитар ыржалаңдап.
Құжынаған ара шаққасын Құбыржанды,Құбыржан да арағаҚұжыраңдап құжырланды.
Қара қанат жағалтай,Қарала-қожақ жағалма-ай.Қауырсынын жағалдаған ба,Құныттап бояу жаға алмай?
Қаймыжық қаймығыңқырап қаймаңдай ма,Қаймықтырған қайманаға маңмаңдай ма?
Қабылдағыш құптағышты қабылдатқыз,Қабылданса, қапұл-құпыл дабылдатқыз.
Көлеңкесі көлбеңдеген,Көк теректі көлеңкелегендерКөрмепті ебелекті ербеңдеген.
Кебе жеген Көкен кебеп жемеді,Кебежеден ірімшік әпергенКемпір де жегін деп ебектемеді.
 Иірім дөңгелене иірілді,Иінге иір-иір иірімИректеліп үйірілді.
Зырылдауық зығырыңды зығырландырар,Зыпылдауық зыңғырлап.Зырылдауықтай зыттырып,Зырқылдатып басыңды ығыр қылар.
Зерттеуші зертханада зеріккен бе?Зеректігін зейінділікпен зерделей алмай,Зердесіздікке салынып, желіккен бе?