Табиғат туралы жаңылтпаштар туралы Жаңылтпаштар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жаңылтпаштар: 9

Жаңбыр жауып келеді, қар аралас,Насыбайдың ішінде күл аралас.Бір топ қатын келеді қыз аралас,Ойпаң жерге шөп шығар көде аралас. Омартаға балалар..
Андыз жапырағынАң ба таптап, шығарған әлем-тапырығын?
Аша ағаштан ашамайдыАйшықтап неге қашамайды?
Атырапқа сары күз кеп,Ағаш жапырақтары саудырап,Аунады топыраққа қаудырап.
Шалшық, балшық,Балшық , шалшық,Балшықтан ал шық.
Күн күнді көктен.Күткенбіз көптен.Көкүйек көктем,Келіпті көшіпКөгал, көлшімекпен.
Лекер лыпыл, лепілдекЛайдан лезде лепілдеп,Лайсаңдағы лездігінЛебіздеді лепіре лекіп.
Оралдан омарташылар оралды,Оралбай аға орманға орналастырды оларды.
Гүлім гүлге қарап күлімдеді,Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.