Балаларға арналған жаңылтпаш туралы Жаңылтпаштар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жаңылтпаштар: 12

Жайлауға бар, мал қайтар,Түйеге: "Әй!" дей сал!Сиырға айқай сал!Жылқыға бар ма айтар?
Жағада жатыр ек,Жақыпбек жақын кеп,Жаңылды шақырып,Жатыр депЖомартты нұсқады.
Көп-көп көк жеп,Келді көжек.
Күн күнді көктен.Күткенбіз көптен.Көкүйек көктем,Келіпті көшіпКөгал, көлшімекпен.
Күш, күш, күшігім,Қарда жатсаң үсідің.Кір, кір, үйге, күшігім,Ки көкемнің ішігін!
КітаптыҚанапия мен Құныпия,Аса құпияАра-тұра, шала-пұла оқыды.
Лекер лыпыл, лепілдекЛайдан лезде лепілдеп,Лайсаңдағы лездігінЛебіздеді лепіре лекіп.
Оралдан омарташылар оралды,Оралбай аға орманға орналастырды оларды.
Ғарышкер ұшты ғарышқа.Ғарышқа ұшты ғарышкер.Айтшы, ғарыш алыс па?
Гүлім гүлге қарап күлімдеді,Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.
Әбдіреде әбігер әтеш отыр.Әбігер әтеш отырғанӘбдірені әжем ашып жатыр.
АлашалардыТаба алса, алар.