Б әрпіне жаңылтпаш туралы Жаңылтпаштар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жаңылтпаштар: 9

Берік, Серік,Өрік теріпЖеп еді.Берік, СерікЖеген өрікКөк еді.Ішті,ТістіАуыртқан сол өріккеРенжулі Берік те,Ренжулі Серік те.
Бұл сайдаКәрі ағаш та бар,Жас ағаш та бар,Кесіп алсаңШоң ағаш та бар,Ат ағаш та бар.
Бұтап, бұтап, бұтақты,Бұтақты тұтатты.Тұтатты бұтақты,Бұтақты тұтатты.
Бір кездеБір кезбе,Тау мен тасты көп кезді.Бір кезбе,Бір кездеТау текеге кез келді.
– БылтырҚұлпырды бұл қыр,–Деді сұр құр.– Биыл сол қырың – шиыр,–Деді сиыр.– Шындық мұның,–Деді құлын.
Бөдене бедеде,Көбелек көдеде.Бедені – беде де,Көдені – көде де.
Байғыз – қай құс?Байғыз – байғұс.Ұшады жалғыз.
Бақбақ бақта бар,Бақа да бақта бар.
Балық көп пе екен,Халық көп пе екен?!Халықтың ішінен кімБалықты сөкті екен?