Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Көпке бекер өкпелеме,Өкпе етпе,Тектен-текке өкпелетпе.
©  Ескен Елубаев
Тары ақта,Тары ақтап,Қапқа қапта.
©  Ескен Елубаев
Тұз – мұздай,Мұз – тұздай.
©  Ескен Елубаев
Киген тоны –Оңды тон,Өңдi тон.
©  Ескен Елубаев
Доп теп,Тек,Дөптеп кеп теп.
©  Ескен Елубаев
Iзшiлер iздестi,Түз кездi, iз кестi.
©  Ескен Елубаев
Мектепте ақ бор бар,Көк бор бар,Көп бор бар.
©  Ескен Елубаев
Жақсы қайшыҚайсы қайшы?
©  Ескен Елубаев
Жапатармағайламай,Айғайламай,Жапатармағайламай,«Ағайламай»Сөйлеңдер, – дедi ағай.
©  Ескен Елубаев
Көп көкек,Көкектеп,Көктен келдi.Көкек кеп,Көктеп көк,Көктем келдi.
©  Ескен Елубаев
Сенсең,Бейсенде бар сенсең тон,Сейсенде бар сенсең тон,Кигендерi өңшең тон.
©  Ескен Елубаев
Жаңылтпаш
Ит иттігін жасап,Иесін қауып алды.Иесі иттің иесі үшінҚұйрығын шауып алды.Иттікі иттік дегенде,Иесінікі немене?!
©  Марат Нұрқалиев
Айтысатын – Әйтіш ақын. Әйтіш айтысқа қатысты, Айтысқа айтқыш қатысты. *** – Жаңқа ақ, – деудің орнына Жаңғалақ: – Жаңғақ ақ, – депті. *** Іскер –..
©  Мұзафар Әлімбаев
ҚандаладаҚан бола ма?КамбаладаҚан бола ма?
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Санағаннан,Санақ алам,СанамағанСана маған,Санақ алам.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Атыңды аяп,Атылмай-ақ,ҚойсаңшыАтылмай-ақ!
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Секілді емен,Секір Мерген.Секіргеннен.СекірмегенСекілді өрден,Секір Мерген.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қонды құстар,Қондырты құштар.Қонды құс таОңды күш бар.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Сағым,Сағын.Сағынса күн,Сарымсағын.СарымсағынСағынса шын,СағымСағын.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Айнал тоқтап,Айна ала алмай.Айнал соқпақ,Айналсоқтап,Айнала алмай.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Айна ала алмай,Айнал тоқтап.Айнала алмай,Айналсоқтап.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Іскер істіңІскерлігінОйластырмай,Ойға асырмай,Ой, қатырды-ай!Ойлайтындай,Ойла тұрмай,Ой, батыр-ай!
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қарт Арқарбай дегенде,Қарт Арқарбай!Арбаңды аударасың,Тарт, Арқарбай!Күн түс болды,Жұрт түстенді.Жүрсің бе, əліАрбаңа арпа арта алмай!
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қарлы шыңғаБара ала аласың ба?Қарлы шыңнанҚар ала аласың ба?
©  Кеңесжан Шалқарұлы
АлдыратынБолсаң,Алдыр асын.ҚалдыратынБолсаң,Қалдыр атын.
©  Кеңесжан Шалқарұлы