Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
– Кiм сызғышсыз?– Бiз сызғышсызбыз.– Сызғышсыздарға сызғышсыз сызғыз.
©  Ескен Елубаев
Жайлауға көш көштi,Көш кеш көштi.
©  Ескен Елубаев
Қыста құлағым үсiп кеттi,Үсiп, iсiп кеттi.
©  Ескен Елубаев
Талғат, балға тап,Оншақты жаңғақ шақ,Шақсаң, сақ шақ.
©  Ескен Елубаев
Иса – шиша жиса,Мұса – шиша жуса.
©  Ескен Елубаев
Ықсан ұста – ұстаз ұста,Үш ұстаға ұстаз ұста.Үш ұстаға тұстас ұста.
©  Ескен Елубаев
Көктемде шөп өнер жер –Мал келер, мал өрер жер.
©  Ескен Елубаев
Омартаға балалар барар,Балаларды аралар талар.
©  Ескен Елубаев
Тамшылап тамшы тамса,Тығылар таса тапса
©  Ескен Елубаев
Көк базарда бəрi бар,Барып, барын, бəрiн ал.
©  Ескен Елубаев
Лаула, алау, лаула,Алауласын аула.
©  Ескен Елубаев
Шапшаң шапсаң,Шаршап жат.
©  Ескен Елубаев
Шалғы сапШөп шап.Шөп шапсаң көп шап.Көп шапсаң шапшаң шап
©  Ескен Елубаев
Шалабай саба пiстi,Шамалап шала пiстi.
©  Ескен Елубаев
Үмiт түбiт түттi,Түбiттi түтiп бiттi.
©  Ескен Елубаев
Iске iскер,IстiIскер iстер.
©  Ескен Елубаев
Баланың жаман баға алмағаны,Мұғалiм ағай жаман бағаламағаны.
©  Ескен Елубаев
Ала-ала алашалар,Тамаша олар.Оған кiм таласа алар,АлашалардыТаба алса алар.
©  Ескен Елубаев
Көктем жауын-шашынсыз болмас,Жауын-шашынсыз болмаса,Жасынсыз болмас
©  Ескен Елубаев
Шұнақ құлақ лақБұлаққа барды.Бұлақ жағасындағыҚұраққа барды.
©  Ескен Елубаев
Жапалақтап қаптап ақ қар жауды,Алқапты аппақ ақ қар жапты.
©  Ескен Елубаев
Тұрыс бұрышқа тұр,Бұрышта дұрыс ұрыспай тұр.
©  Ескен Елубаев
Қапыда ит қапты,Қатты қапты,Қапты қатты.
©  Ескен Елубаев
Қайрат қайрақ қайрап отыр,Қайрақпен балта қайрап отыр.
©  Ескен Елубаев
Бiр қыз кесте тiктi,Кестесiн түсте тiктi,Кеште тiктi.
©  Ескен Елубаев