Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Күн күнді көктен.Күткенбіз көптен.Көкүйек көктем,Келіпті көшіпКөгал, көлшімекпен.
Күш, күш, күшігім,Қарда жатсаң үсідің.Кір, кір, үйге, күшігім,Ки көкемнің ішігін!
КітаптыҚанапия мен Құныпия,Аса құпияАра-тұра, шала-пұла оқыды.
Лекер лыпыл, лепілдекЛайдан лезде лепілдеп,Лайсаңдағы лездігінЛебіздеді лепіре лекіп.
Оралдан омарташылар оралды,Оралбай аға орманға орналастырды оларды.
Ғарышкер ұшты ғарышқа.Ғарышқа ұшты ғарышкер.Айтшы, ғарыш алыс па?
Гүлім гүлге қарап күлімдеді,Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.
Әбдіреде әбігер әтеш отыр.Әбігер әтеш отырғанӘбдірені әжем ашып жатыр.
Арқада алты арқар бар,Қырқада қырық арқар бар.Қырық арқарда ақ арқар бар.Алты арқарда марқа арқар бар.
АлашалардыТаба алса, алар.
Омар ора алар,Омар ора алмаса,Орал ора алар.
Сен өлше, ол өлшер,Сол өлшем, сол мөлшер.
Күз, Кез, Көз,Күш, Кеш, Көш,Кір, Кер, Көр,Күл, Кел, Көл,Кілең қысқа сөз,Кім оқиды тез?
Есім есі кетіп есінеп отыр екен.Ол несіне.Есі кетіп есінеп отыр екен.
Қоғанбай қомағай ма?Жоқ, ағайҚоғанбай қомағай емес,Зор ағай.
Баланың жаман баға алмағаны,Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
Ата мен әже, ана да,Алма мен алмұрт тереді,Ауырға Арман бала да,Арбамен тасып береді.
Кермеде тұр қырық кір қыстырғыш,Қырық кір қыстырғышқаҚырық қыз келіп, кір қыстырды.
Қондық жаңа қонысқа,Қалың екен жоңышқа.Қоныстағы жоңышқа,Оралады қонышқа!
Тоқпақ жаттап,Айтсақ жақсы-ақ.Жатка тақпақЖатта тақ-тақ.
Біреуі көрікті кісі,Біреуі бөрікті кісі.Көрікті кісі – зорықты,Бөрікті кісі – қорықты.
Бұлаң бұлаң еткен бұл аң.Бұлаң десем екен қылаң.
Бұл, бұл — піл,Бұл бір ірі піл.
Абжыландай арбамасаңшы,Абдырамай тал жинасаңшы.
Абалақ-сабалағы шыққан иттерді абалатпасаңдаршы,Абат бақты абалаған иттерге аралатпасаңшы.