Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Үш кісінің ұшы үшкір,Үш кісінің ұшы ескі,Үш ішік тыстадым,Үш үскі ұштадым.
Үйір-үйір үйректі,Үйірге кім үйретті?Үйір-үйір үйректі,Үйірге өзім үйреттім.
Үйрек дәйім тіледі,Үлгілі үйрек болуды.Үкімен бірге үнемі,Үрікпей жүру көңілді.
Үшкір тұмсық,Сұр шымшық,Сордан ұштыҚұрт шымшып.
Үлгілік – үйретуден,Үлгерулік – үйретуден,Үлгілілік – үздіктен,Үздіксіз үйретуден.
Хабиба сөмке көтерген,Хат-хабар күнде әкелген.
«Хатима менХатипаға,–Хамит аға,–Хат жазғын»,– деді.
Шымдай шытырмыш,Ол шытырмыштыМен шым-шытырмыштамайКiм шым-шытырмыштайды?
Шiлiктi шаптым,Жiлiктi астым.Шiлiктi жақтым,Жiлiктi шақтым.
Шөмеленбеген шөптiМен шөмелемей,Кiм шөмелейдi.
Шүрегей сүңгiгiш пе,Сүңгуiр сүңгiгiш пе?
Шемiшке шақсаң шақ,Шапшаң шақ.Шөбiңдi шапсаң шап,Шапшаң шап.
Шаш ал,Қас алма.Ас ал,Қасарма!
Шапанымда сан қалтам бар,Қай қалтамда сары малтам бар?Малтам жалғыз, қалтам сансыз,Тапқан алсын, малтам даусыз.
Шахматшы болсаң келе ғой,Шоқанды қане, жеңе ғой.
Шалабай шыли шалағай,Шалағай шыли Шалабай.Шақша басы шарадай,Шаладай шала Шалабай.
Шеше, шеше,
Неше кесе
Сынды кеше?
Шәугімдегі шай қайнады ма?«Шай қайнады!»– деп,Шешем айқайлады ма?
Шалғы саптап,Шөп шап.Шөп шапсаң, көп шап.Көп шапсаң, шапшаң шап,Шапшаң шапсаң,Шаршап жат.
Шалабай саба пісті,Шамалап шала пісті.
Шырмауық шөп,Шырмалып кепТалға жабысады.Ошаған,ТасаданМалға жабысады.
Шалшық, балшық,Балшық , шалшық,Балшықтан ал шық.
Шұңғыл, шұңқыр.Шұңқыр, шұңғыл.
ШапшаңШапсаң,БұрқырайдыАқ шаң.
Шұнақ құлақ лақБұлаққа барды.Бұлақ жағасындағыҚұраққа барды.