👈 қаріп өлшемі 👉

Әпитөк туралы Өлеңдер ✍️


Өлеңдер: 6

Әпитөк (3 нұсқа)
Хат жазамын, сәулем, ай, сені ойлап,Булықтырған жүректі толқын бойлап,ой, Әпитөк.Жазып, жазбау дертімді өз қолымда,Тына алмайды ой билеп ерік..
—  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әпитөк (2­ нұсқа)
Болдым құмар жасымнан, сәулем, саған,Дидарласар күн туса есен-аман-ай, есен-аман.Сенсіз маған жалғанда қызық бар ма,Жететұғын тілекке болса заман-ай..
—  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әпитөк /3-нұсқа/
Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,Сарғайдым осынау көлдің суын іше, әпитөк.Қос қанат құсқа біткен маған бітсе,Бармас па ем сәулетайға әлде неше..
—  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әпитөк /2-нұсқа/
Сарғайдым жолыңа мен қарай-қарай,Хабарсыз кеттің сәулем неге бұлай, Әпитөк.Жастықтың ауыртпалық толқынында,Жүрмісің ойда қалып әлдеқалай..
—  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әпитөк /1-нұсқа/
Басында биік таудың мұнары бар,Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк.Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме,Ғашықтың тарқамаған құмары бар..
—  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әпитөк
Көрдім де болдым құмар, сәулем, саған,Күн туса дидарласар есен-аман, Әпитөк.Жалғанда сенсіз маған қызық бар ма?Тілекке жететұғын болса заман..
—  Әсет Найманбайұлы

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы