Құлыншақ кемелұлы өлеңдері туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 7

Майлы, Майлы десе де май болмадың
Майлы, Майлы десе де май болмадың,Ат пен түйе алсаң да бай болмадың.Би болмай, батыр болмай, дүние іздеп,Сонда да төрт түлікке сай болмадың.Сонда..
©  Құлыншақ ақын
Адамзат келер-кетер, жүзге келер
Адамзат келер-кетер, жүзге келер,Бәрібір үйде өлсең де, түзге көмерҚайыр-қош, аман боп тұр, қайран елім,Ағайын енді қайда бізге келер.
©  Құлыншақ ақын
Енесі жүдеп, нашарлап
Енесі жүдеп, нашарлап,Ертелеп туған төл ғаріп.Ауадан жауын кем болса,От шықпай қалса, жер ғаріп.Басшысы нашар жолығып,Ынтымақ кетсе, ел ғаріп.Көкала..
©  Құлыншақ ақын
Сен едің Рысқұлбек бұлғақтаған
Сен едің Рысқұлбек бұлғақтаған,Көргенше болдым ғашық шырақтаған.Құсындай ителгінің теуіп өткен,Бар екен бір мінезің шұнақтаған.
©  Құлыншақ ақын
Әңгімесін естісең
Әңгімесін естісең,Жаһаннан асқан ұлама.Қылған ісін байқасаң,Батқандай белден күнәға.Күндіз сопы болса да,Бұзылар көңілі қонаға.Арызға келген..
©  Құлыншақ ақын
Керілген етек жақсы керме қастан
Керілген етек жақсы керме қастан,Шөп шығар, жаңбыр жауса, қара тастан.Дәулетке ерге біткен едіреңдеп,Көзіңе көрінбейді жер мен аспан.
©  Құлыншақ ақын
Ауылдан шыққан күні Көлбай қондым
Ауылдан шыққан күні Көлбай қондым,Қондырмаймын десе де болмай қондым.Ат жемін қонақ ед деп бермеген соң,Тақыр жерге иірген қойдай болдым.
©  Құлыншақ ақын