Несіпбек айтұлы туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 380
Поэмалар: 14
Эсселер: 1

Жиңтиңшан тауындағы жалғыздық
Қытай ақыны ЛибайданҰшып кетті құстар да зым-зия боп жан-жаққа,Көкте бұлттар аунайды әлдеқайда бармаққа.Тау екеуміз жалықпай мұңдастық та..
©  Несіпбек Айтұлы
Байдичың қаласынан ертемен аттану
Қытай ақыны ЛибайданСұлу қала Байдичың қалды азанда қол бұлғап,Мың шақырым Жянлиңге жетіп барам бір күнде-ақ.Жағадағы маймылдар қайығымды көріп..
©  Несіпбек Айтұлы
Тянмыншан тауына қарап
Қытай ақыны ЛибайданТянмыншанды Чужияң өзені қаққа жарады,Шығыстан кері бұрылып, батысқа тартып барады.Құйттай бір қайық келеді күн шыққан жақтан..
©  Несіпбек Айтұлы
Лушан тауындағы сарқырама суреті
Қытай ақыны ЛибайданБудданың шамы түтіні нұрымен күннің қосылып,Құбылып бейне тұрғандай қарасаң көкке асылып.Биіктен сонау төменге құлаған суды..
©  Несіпбек Айтұлы
Ваңлунге
Қытай ақыны ЛибайданЛибай едім, қайық мініп аттанғалы тұрғамын,Естіп қалдым жанға жаққан әсем әннің ырғағын.Шабдал гүлі сәулесі де су түбінде..
©  Несіпбек Айтұлы
Мың Хауранды Гуаңлиңге көзден ұзату
Қытай ақыны ЛибайданХуаңхы лоу есігінен наурызда аттанып,Кетті досым Яңжоу жаққа күнбатысты бетке алып.Көкжиекке сүңгіді де ғайып болды ақ желкен,Көз..
©  Несіпбек Айтұлы
Тау басындағы бұтханаға түнеу
Қытай ақыны ЛибайданБұтханаға түнедім – биік таудың басында,Алақанда тұрғандай жұлдыз біткен қасымда.Шығармадым даусымды, кете ме деп оянып,Ұйықтап..
©  Несіпбек Айтұлы
Тымық түнгі сағыныш
Қытай ақыны ЛибайданТөсегімнің алдына айдың нұры төгілді,Қырдың беті күміс шық жамылғандай көрінді.Айға сәлем бердім де, қайта төмен үңілдім,Туған..
©  Несіпбек Айтұлы
Сақ - сұқ хикаясы
Татаршадан тәржімаМедреселердің төрінде нағызОқылар кітап, айтылар уағыз.Жиналған қауым әр күні кештеСақ пенен Сұқты алады еске.Жаңғырып әйнек..
©  Несіпбек Айтұлы
Дос сатты, дұшпан қатты, өмір тәтті...
Дос сатты, дұшпан қатты, өмір тәтті,Өткердік мына бастан небір сәтті.Салыңқы қас-қабағы салқын дүние,Қызу жоқ, қызық та жоқ – жабырқатты.
©  Несіпбек Айтұлы
Береке мен бірліктің жоғалғаны...
Береке мен бірліктің жоғалғаны –Жағадан – жау, етектен бөрі алғаны.Жусап жатқан жылқыңды үркітеді,Көк шегіртке кісінеп көгалдағы.
©  Несіпбек Айтұлы
Тарих ізін қарасам басып өткен,
Тарих ізін қарасам басып өткен,Талайлардың ел үшін басы кеткен.Жақсылардың көп еді қасы кеткен,Арыла алмай келеміз қасіреттен!?
©  Несіпбек Айтұлы
Әркімнің өзіне ауыр өз қайғысы...
Әркімнің өзіне ауыр өз қайғысы,Қозданып қызыл шоқтай маздайды іші.Көпіріп көп алдында сөйлегенмен,Халықтың қамын жейтін аз ғой кісі.
©  Несіпбек Айтұлы
Қақ жарып көк толқынды кеудеңізбен...
Қақ жарып көк толқынды кеудеңізбен,Болсаң да алып кеме өрге жүзген,Құлдырап таудан төмен құлағандай,Түбінде бір қайтасың келген ізбен.
©  Несіпбек Айтұлы
Дүние бүгін өткен, ертең де өтер...
Дүние бүгін өткен, ертең де өтер,Көсіліп қай заманаға көрпең жетер?Жайнаған жас үміттің жапырағынТынымсыз жел тербетер, сан шөлдетер.
©  Несіпбек Айтұлы
Домбыра екі ішекті, бір тиекті...
Домбыра екі ішекті, бір тиекті,Үніңнен айналайын қасиетті.Күн сайын көкірегіме құясың сенБабалар айтып кеткен өсиетті.
©  Несіпбек Айтұлы
Жылыстап өте шықты, шіркін, жастық...
Жылыстап өте шықты, шіркін, жастық.Алдыңғы керуеннің жұртын бастық.Тәңірім неге керек бермеген соң,Өңірін боз көйлектің жыртылмас қып?..
©  Несіпбек Айтұлы
Пендеге мұрат емес жүз жасамақ...
Пендеге мұрат емес жүз жасамақ,Өмірі өткендердің – бізге сабақ.Тарихтың қатпар-қатпар қойнауынанТабасың керегіңді іздесең-ақ!
©  Несіпбек Айтұлы
Сылдырап судай аққан талай заман...
Сылдырап судай аққан талай заман,Ашпайды анық сырын сен ойлаған.Емес ол өз келбетің бір қарасаң,Көріне салатұғын шарайнадан.
©  Несіпбек Айтұлы
Көшеді жүйрік жылдар желдей есіп...
Көшеді жүйрік жылдар желдей есіп,Табады тынбай қуған пенде несіп.Жайнаған жарық ғұмыр бір күн сөнер,Білтесі жанып біткен шамдай өшіп.
©  Несіпбек Айтұлы
Барасың бізден қашып, жастық, қайда?
Барасың бізден қашып, жастық, қайда?Құдай-ау, асау көңіл бастықпай ма!?Досымдай көптен күткен есік қағып,Үйіме енді қайта бас сұқпай ма?
©  Несіпбек Айтұлы
Өлеңді әуре болма жаза алмасаң...
Өлеңді әуре болма жаза алмасаң,Біреуге байқап сөйле сөз арнасаң.Ағайын, көрші-қолаң тазармайды,Алдымен өзің бастап тазармасаң!
©  Несіпбек Айтұлы
Жалақор, парақорлар жайлағанда...
Жалақор, парақорлар жайлағанда,Сенетін жан қалмайды айналаңда.Қулық пен қиянаттың құрығы ұзын,Шындықтың қолы қысқа қай заманда.
©  Несіпбек Айтұлы
Тартылып шалқар тірлік қақ суындай...
Тартылып шалқар тірлік қақ суындай,Азаптың ащы дәмін таттық удай.Тіккенше азаттықтың Көк байрағын,Қырылдық қалың қазақ көк шыбындай.
©  Несіпбек Айтұлы
Арбаса билік буы, қыздың лебі...
Арбаса билік буы, қыздың лебі,Азамат ел үмітін үздіргені.Пенденің періштесі некен-саяқ,Асты-үстін дүниенің біз білгелі.
©  Несіпбек Айтұлы