Жарылқасын аманұлы туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 483

Адам тегі – Адам ата, Хауа ана...
Адам тегі – Адам ата, Хауа ана,Тегін білмей есті есінен ауа ма?Дарвин деген ғалым емес, Ібіліс,Ібіліске дозақ оты сауап, ә?
©  Жарылқасын Аманұлы
Табиғаттың бәріміз баласымыз....
Табиғаттың бәріміз баласымыз,Таласыңыз болмасын, таласыңыз.Топырақтан адамзат жаратылған,Жер ананың жемісі бар асымыз.
©  Жарылқасын Аманұлы
Сарқылмас десең бұлағым...
«Сарқылмас десең бұлағым,Сарғаймас десең құрағым.»Жақсылық жаса жандыға,Жақсылық жаса, шырағым..
©  Жарылқасын Аманұлы
Өнеге өмірім де, өлеңім де...
Өнеге өмірім де, өлеңім де,Бақыттың бұдан артық керегі не?Күй шертіп, әнімді айтып отырамын,Шым батып ойдың кейде тереңіне.
©  Жарылқасын Аманұлы
Қолпаштап қауым, құзғын мен қарға қаңқылын...
Қолпаштап қауым, құзғын мен қарға қаңқылын,Сынайды келіп, сусылдап ұшқан сұңқардыңсұлу саңқылын.Жібегін түте алмаған жүн ғып, жұрқа ғып,Мақтайды..
©  Жарылқасын Аманұлы
Амалың бар ма, Алланың бұ да ісі де...
Амалың бар ма, Алланың бұ да ісі де,Бақ қонар кейде түйсіксіз, топас кісіге.Адамзат қанша ақылды дана болса да,Алланың ісін түсіне алмас, түсіне.
©  Жарылқасын Аманұлы
Алтын құнсыз, адам мұңсыз болмайды...
Алтын құнсыз, адам мұңсыз болмайды,Дәлелдің де керегі жоқ ол жайлы.Төрт құбылаң сай боп қанша жүрсең де,Бір нәрсенің орны мәңгі толмайды.Өзіңменен..
©  Жарылқасын Аманұлы
Көзге мақтап, мақтамен бауыздаған...
Көзге мақтап, мақтамен бауыздаған,Сақта, Алла, жәдігөй жауыздардан.Жауыздықтың атасы – жағымпаздық,Жалақ жерді жалаудан ауызданған.
©  Жарылқасын Аманұлы
Батырдан қорқақ туады...
Батырдан қорқақ туады,Шеберден шорқақ туады.Мінсізден молтақ туады,Сұлудан солтақ туады.Сымбаттыдан,Жотасы томпақ туады.
©  Жарылқасын Аманұлы
Аққу, қаздар қайтпаса...
Аққу, қаздар қайтпаса,Көктемің болмас көрікті.Айтарын ақын айтпаса,Халқың болмас ерікті.
©  Жарылқасын Аманұлы
Кейде көңіл болады астан-кестен...
Кейде көңіл болады астан-кестен,Еске түсіп күндерім бастан кешкен.Түскен таңба жүректен кетпейді екен,Тайдай таңба темір мен тастан өшкен.
©  Жарылқасын Аманұлы
«Бақ қонды» деме, бағыңның құны бақадай...
«Бақ қонды» деме, бағыңның құны бақадай,Тындырған сенің бір ісің бар ма тақадай.Жақсы жігітті деген ел «алтын сақадай»,Былғанып біттің былжырақ сорлы..
©  Жарылқасын Аманұлы
Уа, тылсым дүние-ай...
Уа, тылсым дүние-ай,Сырларыңа қанықтым.Кәусарыңа қаныппын.Шексіз ғалам, өзіңді,Сүйгендіктен зарықтым.Қайда отты жас шағым,Ойлай, ойлай қамықтым.
©  Жарылқасын Аманұлы
Жүрегін берсем Бауыржан Момышұлының....
«Жүрегін берсем Бауыржан Момышұлының,Үзіліп кетіп жүрмес пе екен жұлының?Тұяғын тасқа шаптырып тағдыр сынаған,Өресі биік, өзгеше туған құлынын»Деп..
©  Жарылқасын Аманұлы
Бозторғайы көгінде қалықтаған...
Бозторғайы көгінде қалықтаған,Боз жусан, боз көделі алып далам.Ақ сауытым, қорғаным киең сенің,Сұр жебесін сұмдардың дарытпаған.
©  Жарылқасын Аманұлы
Жапырақтай сарғайдым...
Жапырақтай сарғайдым,Қаусыратты жан қайғым.Үмітімді үкілеп,Өзімді-өзім алдаймын.
©  Жарылқасын Аманұлы
Хан басымды, кәдірімді, өзім кейде қорлаймын...
Хан басымды, кәдірімді, өзім кейде қорлаймын,Бармас жерге бару үшін өзімді-өзім зорлаймын.Қорсылдастым шошқалармен, ырылдастым иттермен,Ит боп..
©  Жарылқасын Аманұлы
Қиялым жетер шексізге...
Қиялым жетер шексізге.Жанардың оты жетпейді.Сөз айта көрме тексізге,Тексізге сөзің өтпейді.Өзіңнен тумай ұл болмас,Сатып алмай құл болмас,Өзектен..
©  Жарылқасын Аманұлы
ТАҢ НӘСІБІ – ТӘҢІРДЕН
Таң нәсібі – Тәңірден,Тәңірім берген әмірмен.Шыбын-шіркей жыбырлап,Құрт-құмырсқа қыбырлап,Таң ата шығар бәрі іннен.Көбелек ұшар қалбаңдап,Қорек ап..
©  Жарылқасын Аманұлы
ҚАРЫЗЫМ ҚАЛАЙ ӨТЕЛЕР
Бір сәттік жарық,Бір тамшы су менБір демдік қана ауаңның.Қарызын қалай өтермін,Кім берер мұның жауабын?Адамдар түгіл,Аң менен құсқа,Жасаған жоқпын..
©  Жарылқасын Аманұлы
АСТАН-КЕСТЕН КӨҢІЛІМ
Астан-кестен көңілім, астан-кестен,Көз алдыма елестеп бастан кешкен.Бастан кешкен бір күнгі ғұмырым-ақ,Болады екен бірнеше дастан десең.Бір-ақ күннің..
©  Жарылқасын Аманұлы
ҚОЙСАМ БА ДЕЙМІН ӨЛЕҢДІ
Қойса ба деймін, құрысын, осы өлеңді,Өртеніп біттім, өртеген отым, сөн енді.Бар-жоқты шатып, тып-тыныш жатып үйімде.Жазсам ба деймін, роман, повесть..
©  Жарылқасын Аманұлы
ЖАНЫ ШУАҚ ЖАН ЕКЕНСІЗ
Таттым аға, ащыны да тәттіні,Енді оралмас балалықтың пәк күні.Көре-көре көсем болар дегендей,Көре-көре білдік жаман-жақсыны.Тоймас көңіл таққа..
©  Жарылқасын Аманұлы
АҚБОЗ ҮЙ, АЙЛЫ ТҮН
Ақбоз үй, айлы түн, сылқылы бұлақтың,Көк шалған көк теңіз сыбдыры құрақтың.Тұп-тұнық айдындай аспан мен айнала,Көгенде күйісі қозы мен лақтың.Ару қыз..
©  Жарылқасын Аманұлы
ХАН КЕНЕ ОТЫРҒАН ҚАРА ТАС БАСЫНДА
Кеп тұрмын Қордайдағы Майтөбеге,Майтөбе білгендерге жай төбе ме?Түңліктей төбедегі қара тастың,Сыры да мәлім емес байтақ елге.Кейпінде кемсеңдеген..
©  Жарылқасын Аманұлы