Жарылқасын аманұлы туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 483

Жанды-жансыз Иесі Жаратушы Раббым...
Жанды-жансыз Иесі Жаратушы Раббым,Көкте күнің – әлемге жағып қойған шырағың,Құдіретіңе бас иіп, Өзіңе ғана құладым,Жалбарынып жабықсам, Өзіңе ғана..
©  Жарылқасын Аманұлы
Досым жоқ еді басынан..
Досым жоқ еді басынан,Қасым көп еді шашымнан.Алдамшы, арам, қулардың,Жолдарын кестім жасымнан.
©  Жарылқасын Аманұлы
Елдің ісі біткені –
Елдің ісі біткені –Ердің ісі біткені.Нар көтермес ауыр жүк,Ер мойнына түскені.
©  Жарылқасын Аманұлы
Ұтылмас жерде ұтылдым...
Ұтылмас жерде ұтылдым,Құтырмас жерде құтырдым.Тұтылмас жерде тұтылдым.Алланың бірақ күшіменБәрінен бір-ақ құтылдым.
©  Жарылқасын Аманұлы
Қайран бас, қайда бармадың...
Қайран бас, қайда бармадың,Іздерім, қайда қалмадың.Қуғын да көрдім құландай,Қаумалап иттер жан-жағын.
©  Жарылқасын Аманұлы
Кім көрді ақылым кем дегендерді...
Кім көрді ақылым кем дегендерді,Ақымақ әжуа етер кемеңгерді.Саяз су сарқыраған көзге түсіп,Көрмедік тұнып аққан тереңдерді.
©  Жарылқасын Аманұлы
Жан серігім, домбырам, балқыта бер...
Жан серігім, домбырам, балқыта бер,Көлдей етіп көңілімді шалқыта бер.Байлық емес арманым – өлмес өнер,Ән күйімді ғарышқа самғыта бер
©  Жарылқасын Аманұлы
Қарғыбаулы қошеметтің құлдары...
Қарғыбаулы қошеметтің құлдары –Бола алмайды халқымыздың ұлдары.Елі-жұртын жауға сатар осылар,Азғындаған адамзаттың мұндары.
©  Жарылқасын Аманұлы
Зергер, шебер шешенмін – сөз шебері...
Зергер, шебер шешенмін – сөз шебері,Аз емес-ау Алланың берсе өнері.Өнерімді өзгелер білер-білмес,Ары таза адаммын ең керегі.
©  Жарылқасын Аманұлы
Бір Алладан басқаға жалынбаған...
Бір Алладан басқаға жалынбаған,Азайып бара жатыр дарынды адам.Ән мен күй шығарып, өлең жазып,Аптығымды басамын арындаған,Су сепкендей өртіме..
©  Жарылқасын Аманұлы
Ей, Тәңірім, адам етіп жараттың ба шынымен...
Ей, Тәңірім, адам етіп жараттың ба шынымен,Қандай мінез, қандай жолмен ақтап шығам мұны мен.Қол алыссам, кешір, Алла, қандыбалақ ұрымен,Кешіре гөр..
©  Жарылқасын Аманұлы
Өз отыма өзім ғана өртенейін, жанайын...
Өз отыма өзім ғана өртенейін, жанайын,Өртке айналар бүкіл әлем, түгел қоқыс маңайым.Шыбын жаным шырқырайды шындық үшін бұл күнде.Елім деген қайда..
©  Жарылқасын Аманұлы
Арабы қандас қазанат...
Арабы қандас қазанат,Тақымға түспей кеттің-ау.«Халқым» деп туған азамат,Тіліңді шайнап өттің-ау.
©  Жарылқасын Аманұлы
Сөнбесін деп ешкімнің шамшырағы...
Сөнбесін деп ешкімнің шамшырағы,Солмасын деп таң гүлі, таң құрағы.Қобызындай Қорқыттың күніреніп,Жанарымнан қанды жас тамшылады.Айдынына жете алмай..
©  Жарылқасын Аманұлы
Жиренем кейде мына заманадан...
Жиренем кейде мына заманадан,Арсыз боп дүние үшін бара ма адам.Анадан алақанын жая туар,Нәресте шықпай жатып шаранадан.
©  Жарылқасын Аманұлы
Тас ғұмыр мәңгілікке қалмаса да...
Тас ғұмыр мәңгілікке қалмаса да,Жел мүжіп, су кеміріп жалмаса да.Қабірде жатқан мынау ғазиздерге,Келгендер, дұға етіңдер анда-санда.
©  Жарылқасын Аманұлы
Қалған көңіл – қара тас...
Қалған көңіл – қара тас,Жазылмас жанның жарасы.Рас екен деген сөз.«Ішінде – адам аласы».Ардақтаса атымды,Заты қазақ баласы,Жағаласқан..
©  Жарылқасын Аманұлы
Шайдай боп кейде ұйқым ашылады...
Шайдай боп кейде ұйқым ашылады,Беймаза ой берекемді қашырады.Өсекшіл қатын мінез жандарды ойлап,Қан тасып, көзімнен от шашылады.
©  Жарылқасын Аманұлы
Біреу мас ішкен-жегенге...
Біреу мас ішкен-жегенге,Біреу мас мырза дегенге.Еліріп біреу жүреді,Қозы-лақ толса көгенге
©  Жарылқасын Аманұлы
Сенің бейнең көз алдымнан кете ме...
Сенің бейнең көз алдымнан кете ме,Сағынғанда салған әнім жете ме?Жатырқамай бірте-бірте сарғайтып,Жылжып айлар, жылжып жылдар өте ме?
©  Жарылқасын Аманұлы
Көгеріп жатыр жер беті...
Көгеріп жатыр жер беті,Ғажайып, ғажап келбеті.Жаңғырып өмір, көңілдер,Жанымды мәңгі тербетті.
©  Жарылқасын Аманұлы
Самғап та, самғап алатын...
Самғап та, самғап алатын,Сағынғанда салған әнім жете ме?Жапырақтай бірте-бірте сарғайып,Жылжып айлар, жылжып жылдар өте ме?
©  Жарылқасын Аманұлы
Кішкентай үйім, кішкентай ғана бағым бар...
Кішкентай үйім, кішкентай ғана бағым бар,Кішкене жанбыз, кішкене ғана тағым бар.Ойларым орман, кең сарай кеудем, пейілім,Шешенге біткен сүрінбес тіл..
©  Жарылқасын Аманұлы
Бір-бірінің ойынан шыға алмайды адамдар...
Бір-бірінің ойынан шыға алмайды адамдар,Бірін-бірі ешқашан ұға алмайды адамдар.Жамандық пен жақсылық айқасуда мәңгілік,Бірін-бірі сонда да жыға..
©  Жарылқасын Аманұлы
Сүлесапа, сүлесоқ бәрі...
Сүлесапа, сүлесоқ бәрі,Дүрілдеген дүние, қалпың кәні.Қара қошқыл қан түспес бұлт пен көк,Батар күннің аптасқан алқындары.
©  Жарылқасын Аманұлы