Кәкей жаңжұңұлы өлеңдері туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 220

Тау жаққа пырағың
Тау жаққа пырағың,Тізгінін бұрады.Жауқазын жолыңда,Жаутаңдап тұрадыАқ бұлақ қияны,Қақ тіліп құяды.Көлкілдек көк саздың,Желкілдеп қияғы.
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Асқақ – асқақ тауларым
Асқақ – асқақ тауларым –Асқақтаған арманым.Ақ жусаны – əтірім,Ақ бұлағы – саумалым.Шешек атқан жан-жағым,Шалғынына аунадым.Көк майсасы – кілемім,Көк..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Таулар,таулар
Тауларыма шығайыншы бөктерлеп,Бұл жолменен өтпеген көп, өткен көп.Күлкімменен күн көтеріп тұрайын,Жақын барып аспанына көкпеңбек.Бұл жолменен өткен..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Етікшінің соңғы сөзі
Көк кебіс тіккен келтіріп,Қолдарым, қайран, қара күс. Жалаң аяқ кемпірім,Ширатады тарамыс.Дүние-ай,о бастан-ақ,Сүйретіліп шұлығым.Біте алмай келем..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Сақта жерді, адамзат!
«Күллі əлем тұрған шақта алаңдап,Емес бұл сөз саған да жат, маған жат,Кнопкада13 жұмыр Жердің тағдыры,Сақ болыңдар, сақ болыңдар, адамзат!»Көкшіл..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Қарлығаштың күйік шалып қанатын
Қарлығаштың күйік шалып қанатын,Туған шақта Ел басына қара түн.Біздер едік қырқыншы жыл ұрпағы,«Қара қағаз» оқып ашқан сауатын.Мезгілінен ерте..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Абзал ағам Малғаждарұлы Қабдолланың қазасына
Əйетай таянышым, жыр бағым-ай,Келмеске көшіңді ерте бұрғаның-ай.Төрдегі төрт бүктеліп отыратын,Орныңның үңірейіп тұрғанын-ай.«Қырық жыл қырғында»..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Ікей
Көкжиектің азайып нұр шуағы,Қаралы аспан қансырап тұншығады.Иесі жоқ, азынап ай – арғымақ,Қара бұлтқа бір батып бір шығады.Қалқынғолдың12 еңсеріп..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Отыз сегізінші жыл
Отыз сегіз-шырқырап шерлі өткен жыл,Ел есінен шықпастай меңдеткен жыл.Ұрпақтардан ұрпаққа мəшһүр болған,Білесің бе, ұмтылмас ол неткен жыл?Ақиқатты..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Қағаз барыс
Əу - Атадан болмаған ісік-желік қанында,Қоңыр мінез, қоңыр күй-рухында, жанында.«Жеңге жалғап етегін», күн кешкен сар далада,Монғол халқы қой мінез ..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Ана тілден жүректер от алуда...
Ана тілден жүректер от алуда,Мұрасы өшіп, батпасын Ата мұңға.Тілін сатқан сатқындық, опасыздық,Сатар оңай халқын да, Отанын да!Ана тілмен игеріп..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Тілім-пірім
Пір тұтатын əулием, Ана тіл-ау,Ана тіл-ау, ұшатын қанатым-ау,Жүйріктейін қан түскен аяғыңа,Жүдеу тартып күн сайын барасың-ау!Жаутаң-жаутаң етесің..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Естисің бе, даусымды?
Өткерсем де сан тозғын, қырқысуды,Түгендесең аз емес түр-түсімді.Шартарапқа тағдыры шаша салған,Менің халқым шашудың құрты-сынды.Кемшілік те бар..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Таныстырып ұлт -ру, бабамызды...
Таныстырып ұлт-ру, бабамызды,Табыстырып бала мен баламызды.Тозғындаған ұрпақтың басын қосып,Жалғап жатыр бұл дəуір арамызды.Хат алмасып қауышып, сыр..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Қазақтың көтеріліп шаңырағы
Қазақтың көтеріліп шаңырағы,Белгісіз қашан Ел боп танылары.Сиярдай сан патшалық жерімізге,Аз емес халқымыздың саны дағы. Жеке ел боп ұйымаппыз..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Озық шықса ортамыздан күндейміз
Озық шықса ортамыздан күндейміз,«Мынау біреу бізден асар кім?» дейміз.Бақталасып бостан-босқа сырт беріп,Оралғы боп, ғайбат айтып тілдейміз.Өсер..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
«Ару қыздың» бəйгесі - алтын жамбы құнындай
«Ару қыздың» бəйгесі - алтын жамбы құнындай,Жыққан палуан жүлдесі - атан түйе пұлындай.Сөзі мəрмəр болса да киеліден киелі,Хас ақынға бəйгеде серкеш..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Құлағымнан кетпейді бір жаңғырық
Құлағымнан кетпейді бір жаңғырық:«Заманың да безді сөзден мəңгіріп.Ақын болдың, ей, алжасқан бейшора,Бір қоймаға кілтші болмай, қаңғырып!»Еш алаңсыз..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Қос жанарым Көкжиекке телініп
Қос жанарым Көкжиекке телініп,Қой торыны қамшылаймын тебініп.Сағымданып бір шетінен бір шеті,Сайын дала жеткізбейді шегініп.Таңдайыма дəмі келіп..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Біреулерді алып жатсақ қайта ақтап
Біреулерді алып жатсақ қайта ақтап,Біреулерге ит қосамыз айтақтап.Көкірекке құзғын жала ұялап,Жасалады шыт жаңа бір қиянат.Тек жүрсең де тек..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Бұлбұл ұшып, бақ тайып көзімізден
Бұлбұл ұшып, бақ тайып көзімізден,Тайқып жүрміз уəде, сөзімізден.Жақсылық та бұл күнде өзімізден,Жамандық та, ағайын, өзімізден.Қисық ағаш шығып жүр..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Ханзада да шалқып өткен кең шіреп
Ханзада да шалқып өткен кең шіреп,Қайыршы да қаңғып жүрген елшілеп.Бақиғыда босаға мен төр демей,Қатар жатыр екі адым жер еншілепДүниеден өткен соң ..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Қас - қағым, жаңа ғана таң атқан - ды
Қас - қағым, жаңа ғана таң атқан - ды,Артыңда тəулікке тең Сағат қалды,Із-тозсыз Күн жоғалды күйбеңменен,Ай қалды желе-жортып, имеңдеген.Жыл қалды..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Алдамшы өмір көңіліңді аулайды
Алдамшы өмір көңіліңді аулайды,Сылаңдаған сұм түлкіден аумайды.Қусаң- қашып, қашсаң бір сəт қалмайды,Сөйтіп жүріп ғұмырыңды жалмайды.Түйтің-түйтің..
©  Кәкей Жаңжұңұлы
Өмір бойы өтсем дейсің шат күліп
Өмір бойы өтсем дейсің шат күліп,Тек бақытқа асығасың аптығып.Бар ғұмырың қалауыңдай болса егер,Сезінбес ең тəттілігін тəттінің.Ертең барма, дəл..
©  Кәкей Жаңжұңұлы