Балуан шолақ өлең туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 25

Тұрыңдар дұға қылып, құрбы-құрдас!
Атандым Балуан Шолақ бала күннен,Ту ұстап, ерлік етіп, тұлпар мінген.Ешкімге опасы жоқ жалған дүние,Өттің ғой талай-талай кемеңгерден.Бұл дүние –..
©  Балуан Шолақ
Баласы Баймырзаның...
Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ,Бойымда толып жатыр күш пен бақ.Сұлу қыз, келіншекке тынышсызбын –Жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ.
©  Балуан Шолақ
Атанған мен жасымнан...
Атанған мен жасымнан Шолақ едім,Намаз бен оразаға олақ едім.Айында қатын-бала бір көрмейтін,Мен жүрген ел шетінде қонақ едім
©  Балуан Шолақ
Тартады денем ауыр...
Атандым Балуан Шолақ мен жасымнан,Тартады денем ауыр қорғасыннан.Бетіңнің алақандай қызылы үшінАйрылман қияметтік жолдасымнан.Болса да біздің қатын..
©  Балуан Шолақ
Қаңғырып Қараөткелде...
Мен, Шолақ, жас басымнан болдым ояу,Қаңғырып Қараөткелде жүрдім жаяу.Жаласы сексен өгіз маған ауып,Алдында жалғыз оқтың тұрдым таяу.
©  Балуан Шолақ
Мен, Шолақ, жас басымнан
Мен, Шолақ, жас басымнан болдым ояу,Оң қолым отқа күйіп болды қаяу.Тал түсте Қояндының базарындаҚырық сан өгіз сатқан мені қой-ау.Атандым мен..
©  Балуан Шолақ
Бұл күнде қырық тоғызда...
Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,Ардақты ел ішінде менің басым.Қалтамнан жетпіс бес сом залог салып,Сындырдым Карон балуан қабырғасын.
©  Балуан Шолақ
Бұл күнде отыз бесте...
Бұл күнде отыз бесте менің жасым,Қамалдың бұзып жүрмін тау мен тасын.Кешегі сентябрьдің базарында,Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
©  Балуан Шолақ
Баласы Баймырзаның...
Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ,Оң қолым отқа күйіп болдым шолақ.
©  Балуан Шолақ
Жұртқа жағар ер жігіт...
Жұртқа жағар ер жігіт қылығынан,Сілтегенім кеткен жоқ құрығымнан;Анталаған сан дұшпан қамаса да,Сырдың суы келмейді жұлығымнан.
©  Балуан Шолақ
Бір аты əндерімнің...
Бір аты əндерімнің «Кенже қоңыр»,Тең болмас арғымақ пен қара шобыр.Армансыз Үйсін, Дулат араладым,Көп жатып бір ауылды етпей ығыр.Əнімнің əркім құмар..
©  Балуан Шолақ
Салайын «Жай қоңырға»
Салайын «Жай қоңырға» жайыменен,Барады өтіп өмір айыменен.
©  Балуан Шолақ
Өз атым əкем қойған...
Өз атым əкем қойған Нұрмағамбет,Халқымнан көріп жүрмін қадір-құрмет.Бас қосқан оязнайдың съезінде,Көтердім кірдің тасын елу бір пұт!
©  Балуан Шолақ
Сөйтіп жүрген Сұрша қыз
Сөйтіп жүрген Сұрша қыз,Көкшетауда қалдың-ау,Ау-өй, Сұрша қыз,Енді есен бол-ай!
©  Балуан Шолақ
Көкшетауым, күнде жауын
Көкшетауым, күнде жауын,Сексен көл айдын шалқар,Қайран ауылым!
©  Балуан Шолақ
Жастайымнан атандым...
Жастайымнан атандым «Шолақ дəу» деп,Бұл дүниені кім ойлар шолақ-ау деп,Мал-мүлік пен байлықты тəрк етпеймін,«Ақыр бір күн артымда қалады-ау» деп.
©  Балуан Шолақ
Жетісумен қоштасу
Араладым жеріңді, Үйсін елі,Ой түспейтін қазақтың асқар белі,Жетіп едім жеріңе қаңғалақтап,Тірі екенім белгісіз, əлде өлі.Көріп пе едің Үйсіннің..
©  Балуан Шолақ
Алда Көкшетау…
Шапырашты-ау, аман бол, Албан, Дулат-ау,Шипа болдың-ау дертіме жүргенде улап-ау,Алда Көкшетау – жердің салқыны-ай!Қаңлы, Ошақты-ау, Жалайыр, жалпы..
©  Балуан Шолақ
Алыстан аңсап келгенде
Қарақат көзді, сүмбіл шаш,Пісте мұрын, түйме бас.Алыстан аңсап келгенде,Лəззатпен, сəулем, аузыңды ашҚайырмасы:Ал-гəк, гə-ги-гəк..
©  Балуан Шолақ
Балуан Шолақтың қырғыздағы əні
Көкайрақ басы қызыл тас,Шу өзені алар бас,Қызыл тасқа қарамай,Мара тартар өңкей жас.Көкайрақ басы Сымсаусақ,Аю жүрер кіл маймақ.Алатаудан мың..
©  Балуан Шолақ
Бұтаңа келдім...
Жастықта ұрынбай ма жігіт дауға,Ол даудан аман қалсаң – басың сауға.Жетісу, жемісің мол ағаш едің,Бұтаңа келдім аз күн қонақтауға.
©  Балуан Шолақ
Қырық тоғызда...
Қырық тоғызда бұл күнде менің жасым,Бұзар кезім қамалдың тау мен тасын.Сентябрьдің кешегі базарында,Елу бір пұт көтердім кірдің тасын.Орыс, қазақ..
©  Балуан Шолақ
Балуанның Сусамырдағы əні
Көріп пе едің Үйсіннің Сусамырын,Сусамырға жеттім де, сусамадым.Берекелі пейіліңе мың рақмет,Қымызыңды сіміріп тауыса алмадым.Елден кетіп сынып жүр..
©  Балуан Шолақ
Суындай Сусамырдың
Мен өзім аққан судай асып жүрмін,Суындай Сусамырдың тасып жүрмін.Жаласы сексен өгіз маған ауып,Ұлықтан сол себепті қашып жүрмін.
©  Балуан Шолақ
Қаратауда қалың ел
Қалың ел, ризамын пейіліңе,Қарарсың ақыл қойып зейініме.Қалар ем мəңгі-бақи Қаратауда,Арттағы қарайлаймын кейінгіме.Қайырмасы:Атақоныс..
©  Балуан Шолақ