Балуан шолақ өлеңдері туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 80

Мен халқымның Балуан Шолағымын
Бөгеті жоқ маған жау қамалының,Дүниенің бір ерке қонағымын.Сүйіктім деп, ардақтап, еркелеткен,Мен халқымның Балуан Шолағымын.
©  Балуан Шолақ
Бұл күнде жиырмада...
Бұл күнде жиырмада менің жасым,Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.Кешегі сентябрьдің базарында,Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.Жиылып орыс-қазақ..
©  Балуан Шолақ
Мен, Шолақ, он сегізде…
Мен, Шолақ, он сегізде өнер тапқан,Үкілеп Ақбоз атқа тұмар таққан.Басымда – пұшпақ бөрік, шекемде – үкі,Үстіме кидім жібек шымқай ақтан.
©  Балуан Шолақ
Əн салып тоғыз жастан...
Əн салып тоғыз жастан сайрап жүрмін,Талай-талай балуанды жайлап жүрмін.Жаманға жол білмейтін жол көрсетіп,Арбаға бұзаудай қып байлап жүрмін.
©  Балуан Шолақ
Мен өзім он жасымнан...
Мен өзім он жасымнан зор-ақ едім,Намаз бен оразаға олақ едім.Барғанда о дүниеге кешір, құдай,Оң қолым отқа күйген шолақ едім.
©  Балуан Шолақ