Балуан шолақ өлеңдері туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 80

Айым да сен…
Айым да сен, Ғалия, күнім де сен,Оң қабағым тартады, күлімдесең.Келмеді деп, Ғалия, өкпелеме,Амал қанша, бір минут кідірмес ем!Айым да сен, Ғалия..
©  Балуан Шолақ
Айналайын...
Айналайын, Ғалия, сен бір тоты,Осы күнде келмей тұр көңіл хоты.Ғашық болып қосылған Ғалияжан,Көрсетпейді қорған боп өгіз соты.Айналайын, Ғалия, сен..
©  Балуан Шолақ
Əнеугі айтқан...
Əнеугі айтқан, сəулем-ай, сөзіңді ұқтым,Мен дұшпаннан қорғалап қашан бұқтым.Ақсұңқарды бөктергі іле ме деп,Ерегіскен дұшпанды жерге тықтым.Ерейменнің..
©  Балуан Шолақ
ҒАЛИЯ
Айым да сен, Ғалия-ау, күнім де сен,Оң қабағым тартады күлімдесең.Менің көңілім, Ғалия, дауалансын,Ауған түйе секілді бейімдесең.Нұр сипатың, Ғалия..
©  Балуан Шолақ
Айқайлап жылқы айдадым
Айқайлап жылқы айдадым Сыр жағынан,Дұшпан ит аңдып жүр ғой бір жағымнан.Жеті жыл Қайрақтымен дау дауласып,Келмеді Сырдың суы сирағымнан.Əртүрлі ой..
©  Балуан Шолақ
Атандым мен жасымнан..
Атандым мен жасымнан Балуан Шолақ,Оң қолым отқа күйіп болдым олақ.Бір өзім қырық өгізді айдап кетіп,Соңымнан қуа алмады жалғыз дорақ2.
©  Балуан Шолақ
Алаштың алмаушы едім...
Бұл Шөкең қайдан білсін ұрлық жайын,Алаштың алмаушы едім жалғыз тайын.Семейден сексен мəстек айдап келіп,Билерге шайнаттым ғой желін майын.Мен Шөкең..
©  Балуан Шолақ
Омбыға патша келді
Омбыға патша келді Руссия,Əмірін айта келді халқын жия.Сібірден сонда күшім асып кетіп,Мен болдым жан шықпайтын биік қия.
©  Балуан Шолақ
Алайын, даусым келсе
Алайын, даусым келсе, желіп-желіп,Гулесе басылмайтын мен бір көрік.Ат жалын өзім тартып мінгеннен соң,Сұлу қыз, келіншекке болдым жерік.Сұрасаң..
©  Балуан Шолақ
Қынжыл
Айтуға мен бір өлең көңілім ауып,Қыз бала, алдыңда тұр үлкен қауіп.Əкеңнің оң жағында ойна да күл,Бір жақсы жігітпенен теңің тауып.Əкеңнің оң жағынан..
©  Балуан Шолақ
Терме
Бір жасқа жеткенімше құндақтайсың,Екіде тек былдырлап тіл қатпайсың.Бес жаста безіп үйден, тал ат мініп,Он жаста жарда ойнаған ылақтайсың.Келгенде..
©  Балуан Шолақ
Өз атым…
Өз атым əкем қойған Нұрмағамбет,Халқымнан көріп жүрмін қадір-құрмет.Бас қосқан оязнайдың съезінде,Көтердім кірдің тасын елу бір пұт!Салайын «Жай..
©  Балуан Шолақ
Көкшетауым
Көкшетауым, күнде жауын,Сексен көл айдын шалқар,Қайран ауылым!
©  Балуан Шолақ
Жастайымнан атандым…
Жастайымнан атандым «Шолақ дəу» деп,Бұл дүниені кім ойлар шолақ-ау деп,Мал-мүлік пен байлықты тəрк етпеймін,«Ақыр бір күн артымда қалады-ау» деп.
©  Балуан Шолақ
Жастықта ұрынбай ма…
Жастықта ұрынбай ма жігіт дауға?Ол даудан аман қалса, басың сауға?Жетісу, жемісің мол ағаш едің,Бұтаңа келдім аз күн қонақтауға!
©  Балуан Шолақ
Ақыл жастан...
Ақыл жастан шығады, асыл – тастан,Арнасына сарқады өзен тасқан.Менің атым əйгілі Балуан Шолақ,Ерегіскен дұшпанның көңілін басқан.
©  Балуан Шолақ
Атадан ұл тумайды...
Атадан ұл тумайды мендей сабаз!Түрмеде жатыр екен өңкей маңғаз.Алты күн ақ түрмеге қамалған соң,Түсірді мировойдан1 маған қағаз.Ақылым бір басыма..
©  Балуан Шолақ
Жапырмау…
Жапырмау, мен не қылдым жақыныма,Жақыным бір көнбеді ақылыма.Жатқанда абақтыға бір келмеді,Мұжық қол батты ма екен тақымына.Мен, Шолақ, он жасымнан..
©  Балуан Шолақ
Мен не қылдым?!
Мен не қылдым, япыр-ай, жақыныма?!Тұзым ащы жақынға татыды ма?Абақтыда жатқанда бір келмеді,Шолақ қол батқаны ма тақымына?
©  Балуан Шолақ
Абақты – азап орны
Абақты – азап орны, жайнаған шоқ,Басқаным от сияқты, ішімде дерт.Кіргізген камерына қарап тұрсам,Ішінде менен басқа адам да жоқ.Өнерсіз атқа мініп..
©  Балуан Шолақ
Шын атым…
Шын атым – Нұрмұхамбет – Балуан Шолақ,Бойымда толып жатыр күш пенен бақ.Сұлу қыз, келіншекке тиышсыздаумын –Жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ.
©  Балуан Шолақ
Қожаның бір қызы бар...
Қожаның бір қызы бар, аты – Балқаш,Лебізі кейде шекер, кейде орғаш.Жігіттер, қатын алсаң, осындай ал,Бота көз, оймақ ауыз, қиылған қас.Ахау, Балқаш..
©  Балуан Шолақ
Атандым Нұрмағамбет...
Атандым Нұрмағамбет – Балуан Шолақ,Бір қолым үсіп кетіп болды молақ.Сұлу қыз, келіншекке тиышсыздаумын –Жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ!
©  Балуан Шолақ
Мен өзім аққан судай...
Мен өзім аққан судай тасып жүрмін,Кеудесін дұшпандардың басып жүрмін.Жаласы сексен өгіз маған ауып,Ұлықтан сол себепті қашып жүрмін.
©  Балуан Шолақ
Жұртқа жағар ер жігіт...
Жұртқа жағар ер жігіт қылығынан,Сілтегенім кеткен жоқ құрығымнан;Анталаған сан дұшпан қамаса да,Сырдың суы келмейді жұлығымнан.
©  Балуан Шолақ