Мылтықбай ерімбетов өлеңдері туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 386

Тозып кетті...
Қалбыр, тасты тепкілеп,«Өзі тозып кетті» деп,Бəтеңкесін тастайды.Ал əперсең жаңасын,Тіпті қайран қаласың:Бəрін қайта бастайды!
©  Мылтықбай Ерімбетов
Рақмет айтпайды
Мінезі құрысын!Жылытар інісін.Жинаса мамасы,Бұл шашар үй ішін.- Ініңмен ұрыспа!Сенікі дұрыс па?Бар, - деді мамасы, -Бар да тұр бұрышқа!
©  Мылтықбай Ерімбетов
Біздің әтеш
Əтешіміз – ақ қанатКүзетшідей қырағы.Таң азаннан қақпадаƏнін салып тұрады.Айғай салар таң атпайАуылымыздың халқына.Тоғыздағы сабаққаОятады алтыда!
©  Мылтықбай Ерімбетов
Сурет - өлеңдер
IҚара жер – тартылыс бесігі,Қара жер – талпыныс бесігі.Адамның, ғылымның күшіменАшылды космостың есігі.IIТаң атты, күн де кешікпей,Жайнады бірге..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Күй
Күй тыңдаған шақ қандай!Көктемдегі бақтардай,Тұңғиық көк аспанғаАққу ұшып жатқандай.Ештеңе де сұрама!Күй ойлантпай тұра ма?Басымды иіп өтемінБабам..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Домбыра
«Қазақтың бар даласы əн салғандай», -Деп бізге болса достар тамсанғандай.Күйіңнің екпінінен, көп тіліненБал жұтам – бір мұхитты тауса..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Ой
Адамдардың тағдырын көзімізгеЕлестетер тарих бар өзімізде.Ғасырларға көмілген бабалардыңƏнге оранған жетіпті сөзі бізге.Таудай бақыт осының өзі..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Көкпар
Əбжілдік керек дəл мұнда!Сіңірлі, тастай тарамыс,Əдісті қолдың алдындаƏдіра қалар қара күш.Қағылез қара денедеҚайратты қаның ойнайды.Қария тұрып..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Галстук
Қызыл тудың бөлшегі,Тудай көрем мен сені.Галстугім ардақты,Қастерлейді ел сені.Сенде əке арманы,Төккен тері, бар қаны.Білем, сені ұнатпасОтанымның..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Диалог
Е, шіркін, аңшылықты сауық көрсең,Бір күні Қоғалыны барып көр сен,Берейін мылтығымды құс атуға,Бір құты бытыраны тауып берсең.- Сөйлейсің..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Көгершіндер
Бір жерде асыл құстарғаБіреулер мылтық көздейді-ау!Көгершін көкке ұшқандаМергеннің барын сезбейді-ау!Еркелеп аспан төсіне,Көп құстар ұшып барады......
©  Мылтықбай Ерімбетов
Шофер
Қалада, ауылдаҮйлерді салуға,Кірпішті, тастарды,Құмды да, басқаңдыТасимын,Тұрмаймын,Тоқтамай зырлаймын.Мектеп пе, бақша ма?Үйлер ме, басқа ма?!Бəрі..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Мұрап
Тоғанға су жинады,Егістікке сыйлады.Егін өсіп құлпырды,Көкке қарай ұмтылды.Өсірген ер емес пе?Ер төккен тер емес пе?!
©  Мылтықбай Ерімбетов
Менің атам
Сақина мен білезік,Əп-əдемі жүзікті –Бəрін жасар бір өзі,Өнері тым қызықты.Атам шебер керемет,Бəрін жасар, не керек!Бос отыру жоқ онда,Он саусағы..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Әже
Немеренің сипалап айдарынан,Кəрі кемпір салатын майда бір əн.Əсем əлди əуені естілетінЖырақтағы жастықтың жайлауынан.Əже кетті өмірден, көп өтті..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Сөз басы
Парк іші. Көгершінге шаштым жем,Баламды ертіп, алға қадам бастым мен.Жаздың жарқын күні еді, араларЫзың қағып ұшып жүрді жас гүлден.Үш қария –..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Жау, жау, қарым, жау, қарым!!!
Жау, жау, қарым, жау, қарым,Даланың ора жондарын,Қаланың басып жолдарын,Жау, жау, қарым, жау, қарым!Созылды саған қолдарым,Титімдей құсым, қон..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Айнала түгел күміс қар...
Айнала түгел күміс қар,Аязды, ей, Қыс, шақырма!Бір кемпір елге уыстапҚып-қызыл гүлдер сатуда.Гүлдер де бейне балапан,Жылылық күтер ол елден.Суық-ау..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Қоныпты мүлгіген бақтарға...
Қоныпты мүлгіген бақтарға,Ұлпа қар кіршіксіз көңілдей.Балмұздақ секілді ақ қар даТұр əне, бұтақта төгілмей.
©  Мылтықбай Ерімбетов
Қыс
Ақ қарды адам басқанғаҚапалана қалып қыс,Мамығын төгіп, аспандаСілкінген сынды алып құс.Ашумен аспан бұлқынаАқ қармен жерді жабады.Аспанның асау..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Естілмейді құстардың бақтағы əні...
Естілмейді құстардың бақтағы əні,Ұшып кеткен жып-жылы жаққа бəрі.Желең көйлек талдарды дірілдетіп,Келіп қалды қыстың да жат хабары.Кешіккен құс..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Сентябрь қандай көңілді...
Сентябрь қандай көңілді,Класқа сəуле төгілді.Сүйеміз асыл мектепті,Сүйеміз бейбіт өмірді.Сеніммен алға барамыз!«Төрт» жəне «бестік» аламыз.Жанашыр..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Күздегі қоңыр əнімен...
Күздегі қоңыр əніменКөтерді толқын көк төсін.Аралым, келдім тағы менСағынып сені кеткесін.Шалқығым келді теңіздей,Баладай бейне жел-ерке.Келіп ем..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Жау, жаңбыр, гүлге айналсын құмның бəрі...
Жау, жаңбыр, гүлге айналсын құмның бəрі,Тамшыңның шөпті оятсын сыңғырлары.Толықсып бидай піссін, жер исінсін,Байлыққа тола берсін тың қырманы.Иіліп..
©  Мылтықбай Ерімбетов
Тентек қой дауыл, қарашы...
Тентек қой дауыл, қарашы,Көлшіктің суын шайқады,Аралап үйлер арасынЕсікті тартып байқады.Сыпырып талдың желегін,Мазасын елдің кетірді.Күшейіп дауыл..
©  Мылтықбай Ерімбетов