Гүлманат әуелхан өлеңдері туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Өлеңдер: 73

Күз жылайды төгілтіп жапырағын...
Шырқамақ боп тірліктің батыл әнін,Өксік толып көмейге аһ ұрамын.Артта қалған жылдарға жоқтау айтып,Күз жылайды төгілтіп жапырағын...Күннің жарық..
©  Гүлманат Әуелхан
Мына өмір
Тегештегі отырғызған гүл сынды,Аспан жақтан құйылатын нұр сынды.Тым тұңғиық тұнып жатқан мұң сынды,Мың қиялға бойлай берем бір сырлы.Мынау өмір..
©  Гүлманат Әуелхан
Сол баяғы үнсіздік...
Өр рухым аспанға ұшып өрледі,Сүлдерімді көзге ілместен жердегі.баяны жоқ бақыттарға бағынған,Адамдардың бәрі қандай шерлі еді?Тіреусіз көк күліп..
©  Гүлманат Әуелхан
Жетпеген арман
Ұяң бала, қалды ауылда ұяң қыз,Ұмыт болған тәп-тәтті бір қиялмыз.Тұншықтырған жөргегінде сезімді,Балалықтың бал елесін жиярмыз.Қызуы мол көңілдегі..
©  Гүлманат Әуелхан
Бір жанып үміт шамым бір өшеді...
Қойнына қара түннің құлап тұрып,Ағады сылдыр-сылдыр бұлақ күліп.Мен сені жүрегімнен жұлып алып,Жібергем әлде қашан лақтырып.Мен сенің өртегемін..
©  Гүлманат Әуелхан
Дағдару
Кезбе бұлттар кеңістікте қаңғырып,Қара таудан естіледі жаңғырық.Тірлігіне пенделердің аярлық,Аспан тұрды төбесінен паң күліп."Ақын болу" дейді біреу..
©  Гүлманат Әуелхан
Қуаныш-қайғы егіз дүние
Қуаныш-қайғы егіз дүние,Аспанның неге суық қабағы.Толқыған мынау теңіз дүние,Ішінен ғана тынып қарады.Жалғанға мынау налып жүдедім,Медет етемін..
©  Гүлманат Әуелхан
Құс секілді құба даусын құлатып
Болашаққа біздер солай жол алдық,Аппақ,адал сезімдерді обал ғып.Бұлдыр-бұлдыр елестерді қуалап,Бұйра-бұйра бұлтқа сіңіп жоғалдық.Сезбеппіз-ау! көктем..
©  Гүлманат Әуелхан
Адалдықтың бесігісің ауылым...
Тудыратын бөрі кеуде, тау ұлын,Тарқатпаған сайраны мен сауығын.Аңқылдаған,жарқылдаған қауымы,Адалдықтың бесігісің ауылым.Қасиеті тұнып тұрған..
©  Гүлманат Әуелхан
Қиялдағы қымббаттым
Маған мұңын шағатұғын түн сырлы,Көк аспанда құлазыды күрсінді.Сен алыстап кеттің неге арманым,Уысымнан сусып түскен құм сынды.Ойларыңды орағытып ең..
©  Гүлманат Әуелхан
Ләйлі жүрек
Құлазыды көңілдің гүлді бағы,Шымырап қарашығыма түн құлады.Көңілімнің көмескі терезесін,Сағыныштың елесі ұрғылады.Ләйлі жүрек сарғайды..
©  Гүлманат Әуелхан
Көк пен жер
Қасқайып тұрды көк аспан,Шуағын төгіп тым асқақ.Жер ару мыңдап бұлақтан,Бұрымын жайды құлаштап.Осылай ғана көк пен жер,Сезімін үнсіз жасырып.Ғарышқа..
©  Гүлманат Әуелхан
Терезе алдындағы раушан гүлі
Терезе алдында тұрды гүл,Сарғайып еріні кезерген.Жүректен төгілер мұңлы жыр,Менімен жаның бір сезем мен.Көзімде көктемнің елесі,Жанымды неліктен..
©  Гүлманат Әуелхан
Ұшырдым көңіл құсын
Ұшырдым көңіл құсын саған қарай,Қалауын бұл жүректің табам қалай.Үміт қуып үздігіп өмір бойы,Арман қуып аһ ұрған адамдар-ай.Шынымен тұрады өмір..
©  Гүлманат Әуелхан
Жүрегіме ұя салды ымыртта
Сарғайғанда, сағыныштан гүл өрем,Жапырақтар жанарына түнегем.Жүрегіме ұя салды ымыртта,Ғарыш жақтан ұшып келіп бір өлең.Аспан жақтан келді тылсым бір..
©  Гүлманат Әуелхан
Өң мен түс
Өң мен түс арасында аласұрып,Тіледі жүрегімді қарасуық.Көңілдің жер тарпиды арғымағы,Шайнаған ауыздығын таңасырып.Жанымда кілкіп тұрған..
©  Гүлманат Әуелхан
Баса алмай кеудемдегі жарылысты
Баса алмай кеудемдегі жарылысты,Көңілдің көгершіні тағы да ұшты.Кірпігімді тіреу ғып көтеремін,Кілкіген көзімдегі сағынышты.Дархандық сыйлар маған..
©  Гүлманат Әуелхан
Күзгі жаңбыр
Күзгі жаңбыр жауып тұрды, күзгі шақ,Жүрегімді жылтсын қайдан мұз құшақ.Дала жатты сағыныштан жүдеген,Төркініне жете алмаған қызға ұқсап.Дәрменім жоқ..
©  Гүлманат Әуелхан
Көктемгі көңіл
Адастырма о, ұлы асыл үміт,Көкжал болып шақырды ғасыр ұлып.Менің тәтті шақтарым жоғалмашы,Жылғасына жылдардың жасырынып.Сұлу еді сол шағым, мөлдір..
©  Гүлманат Әуелхан
Көңілімнің ақ жауыны жаумаған
Түстік жаққа барады ұшып қаз жылап,Кеңістікті қанатымен қазғылап.Сағыныштың салмағын сап сары күз,Құлазыған қуаң тартты жазғы бақ.Сабыры жоқ мынау..
©  Гүлманат Әуелхан
Алтай қызына
Тал бойыңда бір мін жоқ ,Таза мөлдір бұлақтай,Сенің сұлу ажарың,Күннен тамған шуақтай.Ар ұяттан жаралған,Қайсар қызы қазақтың.Қос бұрымың..
©  Гүлманат Әуелхан
Шын ақындар
Құдайдың да сезімнің де құлдары,Мұнараға айналатын мұңдары.Жалғандағы жанашыры олардың,Жалғыз ғана жырлары.Басына емес жүрегіне жүгінген,Қала аспаны..
©  Гүлманат Әуелхан
Көк бөріні сүйемін...
Жіберетін қайраты тасты да үгіп,Алаулайды жанымда жастық үміт.Қара түнде сағынып отырамын,Қарлы тауды жататын қасқыр ұлып.Тірлігіңе деймін де шүкір..
©  Гүлманат Әуелхан