Әдібай табылды өлеңдері туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 12

Ойранбек
Сойталдай жігіт ОйранбекОйламай «қартын» аяуды:- Бала қамын ойла! – деп,Алақанын жаяды.Нақұрыс – масыл оңбайды:Əкеге сол да - мол қайғы.
©  Әдібай Табылды
Бейшара
Арақ ішсе удай боп,Ардан безер «құдай» боп, -Ішпей жүрсе, бейшара...Ілесбекке не шара?!Арақ – шайтан несебі:Ардың ауыр кеселі.
©  Әдібай Табылды
Төркінсіз қыз
Байлыққа арын сатты даБайыпсыз қызы ЕркінніңТабысты күйеу тапты да,Танымай кетті төркінін.Қайғыға салар дау артып,Қайырымсыз қыздан жау артық.
©  Әдібай Табылды
Апай жынданды
Əшен апай жынданды да, құрысты:Əулетіне бұлданды да, ұрысты.Анайы сөз айтылып тым оқыста,Ана тілі былғанды «жым – қоқыста».Кім сүймейді аялаған..
©  Әдібай Табылды
Әумесердің әлегі
«Нарық өсіп, кетті, балам берекет,Жұрт қатарлы жаса сен бір əрекет», -Деді əкесі, - ал баласы құтырып,Қару жұмсап, болды нағыз «рэкет».«Мал табам»..
©  Әдібай Табылды
Ақбай мен Бекбай
Ауылдағы Ақбай ойлы данадай:Сөз бен ісі өнегелі, салмақты, -Ауладағы Бекбай бəлду – баладай:Сөзі – қылжақ, ар ұяты қалмапты.Арттағыға бата, тəлім..
©  Әдібай Табылды
Ашу – жын
Кесір ашу – ауыруКердің есін алыпты, -Ақыл – дерттен сауығуАқ жолына салыпты.Ақыл – жанның киесі.Ашу – жынның иесі.
©  Әдібай Табылды
Месқарын мекен
«Ерте тұрып, жаттығамын, шынығам!Еңбек етем, таза ауада тынығам!»-Деген сөзі – құрғақ болып қалады:Мекен өзі «месқарын» боп барады.Жеуді байқа..
©  Әдібай Табылды
Сөз ауыру
Сөлтінің жары сұр бұзық,Сөз қуып «есе» даулайды:Ұшынған сөзді «тұрғызып»,«Ұшқынан жалын қаулайды».Арамдық ойлап, сөз қума,Адалды қорлап, ез қылма.
©  Әдібай Табылды
От басындағы ауыру
Сəріден Сəтке бас қайғы;Сəрсенкүл ұрыс бастайды.Еріне тағып мың күнə,«Көріне» тығып тастайды.Ұрыс бар жерде бірлік жоқ:Бірлік жоқ жерде тірлік жоқ.
©  Әдібай Табылды
Күйік
Ез, паң Бекен ойлаумен өз басын тек«Озсам екен» деместен, «озбасын» деп,Алға басқан досына қақпан құрды:Арланбастан иттігін мақтан қылды.Міншіл езбе..
©  Әдібай Табылды
Аялау мен аямау
Саялады жарын Бек «жүрегім!»деп,Аялады жасында «тірегім!»деп,-Күндер өтіп, кəрілік таяғалы,Күнде зекіп, «кемпірін» аямады.Қос жүректі мəнгіге қосқан..
©  Әдібай Табылды