Өтірік өлеңдер туралы Өлеңдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 15

* * *
Көрсеттім көбелекке қалағасын,Жартастың балшықша илеп қара тасын.Жұлдыздың аспандағы біреуін ап,Кəдімгі сүт қайнатып, тамақ астым.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
* * *
Мініп ап инеліктің бестісіне,Өңгердім таутеке мен ешкісін де.Марстың тауларына шығу үшін,Масаның сəлем айттым естісіне.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
* * *
Толқынын Тынық мұхит жалдап жүріп,Жыланның аяқтарын балдақ қылып.Китті айқұлақтан ұстап алдым,Белбеудің айылбасын қармақ қылып.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қуыршақ
Қуыршағым жүгіріп,Құланды ұстап алыпты.Табанында тас үгіліп,Топырақ боп қалыпты.Мініп алып құланға,Ойлы-қырлы шауыпты.Құсжолының құмынаКөкпар тартып..
©  Кеңесжан Шалқарұлы
* * *
Таңдап алып сортанды,Асырадым шортанды.Қазір аңша жортады,Суды көрсе қорқады.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
* * *
Көбелекті үйретіп,Көкқұтан мен тырна алдым.Аяқбауын сүйретіп,Алыс-алыс қыр бардым.Қараағаштың басынаҚаптап өскен қауын бар.Тары шыққан тасына,Тамаша..
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Құмырсқа
Құмырсқаның башпайын,Құрық етіп сүйреттім.Құрбақаның жас тайын,Құрық салып үйреттім.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
* * *
Мысығыма мініп ап,Жолбарысты талаттым.Пілді жерден іліп ап,Жұртты өзіме қараттым.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
* * *
Қаймақ бар Қара суда қырық елі,Қақпанды балығына құрып едім.Қақпанға сенсеңіздершабақ түсіп,Көрмеген кəсіп қылдым бұрын өзім.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
* * *
Май алдым көбелектің жілігінен,Шай алдым тасбақаның шірігінен.Шілдеге қарағандаАйында ақпан, Тер шығып тырнағымнанЖылындым мен.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
* * *
Қайырдым қасқыр тобын қаздай бағып,Кетіпті қаңтар айы жазға айналып.Масаға мая-мая мақта беріп,Шаршадым семірте алмай жаздай бағып.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
* * *
Көрдім аспан түлкісін,Айыра алам түр-түсін.Таяқ қылып ұстаймын,Кірпікшешен түрпісін
©  Кеңесжан Шалқарұлы
* * *
Естіп шыбын күлкісін,Көрдім шіркей ұйқысын.Азық еттім бес жүз жыл,Ақ əтештей үй құсын.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
* * *
Көтеріп тау ауырын,Екі мың жыл ауырдым.Содан кейін жазылдым,Сонаның жеп бауырын.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
АҚ БАЛЫҚ
(баллада)Дүние жаралғаннан тұрақтанып,Екі тал еншісіне құрақты алып.Түбінен сексеуілдің үй тұрғызып,Балалап жатыр екен бір Ақ балық.Үш жүз жыл..
©  Кеңесжан Шалқарұлы