Білім туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 214
Жұмбақтар: 8
Тақпақтар: 37
Өлеңдер: 112
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 222
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 8

Балабақша
Балабақша есігінҮшке тола ашқанбызБалапандай мәпелепӨсіруде бақшамыз.
Білім менің ертеңім
Білім менің ертеңімӨсу үшін өркенімЖүзем оқу айдынындаЖайып білім желкенін.
Білім алам
Қиындықтан өтуге,Армандарға жетуге,Білім алам ерінбейЕліме қызмет етуге.
Білім
Шырылдаған тыным алмай,Қоңыраудын үні қандай,Мақсатына жетеме адам,Оқу оқып білім алмай.
Кел балалар, оқылық!
Кел балалар, оқылық!Оқығанды көңілгеЫқыласпен тоқылық,Оқысаңыз балаларШамнан шырақ жағылар,Тілегенін алдынанІздемей – ақ табылар.
©  Ыбырай Алтынсарин
Түгел сөздің түбі бір
Батыр – жердің қорғаны,Ақын – елдің ардағы,Мақал – сөздің маржаны,Ана – бала бағбаны.Бата – қария тілегі,Ауыл – ұлттың жүрегі.Өнер – ердің..
©  Өтепберген Ақыпбекұлы
Білім күні
Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,Бірде-бірі жатсынбасын ешкім де.Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге –Білім күні!Сенің де ойың өсті ме?!
©  Мұзафар Әлімбаев
Мектеп — кеме, білім — теңіз
Мектеп — кеме,Білім — теңіз!Барар жергеТез жетеміз!АдаспаймызҰлы жолда,ЛенинніңТуы қолда!Капитандар—Мұғалімдер,Жас..
©  Қасым Аманжолов
Білім бұлағы
Оқысы білім бұлағы,Оқыса елдің ұланы,—Тірілтіп, елге жан бітіп,Елі үшін жұмақ қылады. 
©  Бейімбет Майлин
Тіл
Тіл – көңілдің ашқышы,Көңіл – жарық, жан – қия.Білім – бақыттың басқышы,Қараңғыда жол қия.
 
©  Ғұмар Қараш
Егін сал...
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,Білім білген әр істе шебер болмақ.Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
1 қыркүйек
Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,
Бірде-бірі жатсынбасын ешкім де.
Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге –
Білім күні!
Сенің де ойың өсті ме?!
©  Мұзафар Әлімбаев