Жастарға тілек туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 12
Өлеңдер: 11
Құттықтау, тілектер: 2
Баталар: 1

САМАЛЫМ
Самалым менің самалым,
Ай дидар жүзді жамалым.
Сағынып сені отырмын,
Қайдасың менің, Самалым?..
 
©  Гүлтас Құрманбай
КӨКТЕМІМ
Жанымды жылытқан көктемім,
Сен менің ақ гүлім, бар демім.
Бақшасын көктетіп жүруге
Аттанып барасың...
бар дедім.
©  Гүлтас Құрманбай
КҮНІМ
Сен Күн сияқтысың, нұрыңды шаша білетін,
Сен жыр сияқтысың үнемі жаттап жүретін.
Сен қанатсың биіктерге самғайтын,
Сен Керімсің асыл адам ғана..
©  Гүлтас Құрманбай
АЙЫМ
Түнімді жарық еткен айым едің,
Құлыным жар болуға дайын ба едің?
Уақыт ұшқан құстай жүйрік екен,
Мінеки, қанат қақтың, дайын болдың.
©  Гүлтас Құрманбай
САНДУҒАШЫМ
Сандуғашымсың сайраған,
Ерке құсым бақтағы.
Бауырларыңмен ойнаған
Естелігіңді сақтағың.
©  Гүлтас Құрманбай
ҚАРЛЫҒАШЫМ
Қарлығашым, қарындасым, қамқорым,
Қимас көңіл сен ешкімге деуші едім.
Жүрегімнен үзілгендей тамшы өмір,
Қимасымды қидым саған, сақтай біл!
©  Гүлтас Құрманбай
КӘУСАРЫМ
Тасты жарып бір бұлақ ағар керім,
Қасиетке баладым, кәусар дедім.
Тұнығыңды сақтағың, ақ періштем,
Құтты болсын, ақ отау мекендерің!
©  Гүлтас Құрманбай
КӨРКЕМІМ
Қырмызы гүлдей көркемім,
Тынбай бір айтар ертегім.
Өрісім болып барасың,
Құтты да болсын өз елің!
©  Гүлтас Құрманбай
ШУАҒЫМ
Шашылған нұрдай шуағым,
Бойыма тағар тұмарым.
Қимасам-дағы құлынды
Теңіңе, жаным, сыйладым.
©  Гүлтас Құрманбай
ТҰМАРЫМ
Бойтұмар – бабалардан жеткен мұрам,
Қасиеті сол – жазылған оған Құран.
Асылдарын сұқ көзден сақтау үшін
Жаратқаннан сұраған ана қыран.
©  Гүлтас Құрманбай
ШАШБАУЛЫМ
Қазақтың қызы өр болған, кем болмаған,
Күміс шашбау сыңғырлап, жанды арбаған.
Қасиеті халқыңның – дәстүр мен тіл,
Білген жандар биіктерге..
©  Гүлтас Құрманбай
АЯУЛЫМ
Балаңдай аяулы болмас жан,
Бұл сөзде, байқағың, үлкен мән.
Аялап өсірген раушан гүлімді
Тапсырдым өзіңе, өзіңе Талғатжан.
©  Гүлтас Құрманбай