Жаңа жыл туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 12
Жұмбақтар: 13
Тақпақтар: 161
Өлеңдер: 135
Нақыл сөздер: 9
Құттықтау, тілектер: 160
Баталар: 6
Туындылар: 1
Әңгімелер: 5
Ертегілер: 1
Шығармалар: 7
Анекдот, әзілдер: 10
Эсселер: 5

Жаңа жылмен бір келер
Аяз ата, ақша қар, Жаңа жылмен бір келер. Аппақ болып айнала, Таңғажайып түрге енер.
©  Жаңа жыл
Аяз ата келіңіз
Аяз ата келіңіз, Тақпақ айтып берейін. Сізге өнер көрсетіп, Маржан сөзді терейін.
©  Жаңа жыл
Кел жаңа жыл ән болып
Әуезді әнмен тербейтін, Кел жаңа жыл ән болып. Аяз ата есік аш, Сыйлығыңыз бар болып.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылым, жаңа жырым
Жаңа жылым, жаңа жырым, Жаныңызды тербесін. Жаратқаным жар болып, Қиындығын бермесін!
©  Жаңа жыл
Құтты болсын, жаңа жыл!
Құтты болсын, жаңа жыл, Келіп жеткен достарым! Жаңа жылда жарқырап, Ашық болсын аспаның!
©  Жаңа жыл
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Кел жаңа жыл, жаңа жыл, Шырқап айтар ән болып. Жаңа жылда шаттықты, Шуақты атар таң болып.
©  Жаңа жыл
Келді жаңа жылымыз
Келді жаңа жылымыз, Жаңа әуен, күй болып. Жанымызды тербетер, Таңғажайып сый болып.
©  Жаңа жыл
ЖАҢА ЖЫЛ
Аппақ қар даламыз,Той думан қаламыз.Жыл келді, алақай,Көп сыйлық аламыз.Сабақты жаттаймыз,Үмітті ақтаймыз.Келгенде жаңа жыл,Бір жасқа аттаймыз.Ел..
©  Жәди Шәкенұлы
Әдемі бар шыршамыз
Шыршамыз бар әдемі, Жаңа жылды тойлайтын. Жаңа жылда шыршадай, Жандармыз біз жайнайтын.
©  Жаңа жыл
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Кел жаңа жыл, жаңа жыл, Айналама шашып нұр. Шыршаны біз айнала, Ән шырқайық айтып жыр.
©  Жаңа жыл
Айналайық шыршаны
Айналайық шыршаны, Қане қарап тұрмайық. Әнді айтып, жырлатып, Жаңа жылды тойлайық.
©  Жаңа жыл
Жап-жасыл бар шыршамыз
Есік ашты жаңа жыл, Құтты болсын бүгінгі. Жап-жасыл бар шыршамыз, Арнап айтар жырымды.
©  Жаңа жыл
Шыршамыз тұр ортада
Келді жаңа жылымыз, Құтты болсын баршаға. Шыршамыз тұр ортада, Тойлайықшы шаттана.
©  Жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл
Есік ашқан мінеки, Құтты болсын жаңа жыл. Ақшақармен ән айтып, Би билейік шашып нұр.
©  Жаңа жыл
Ақшақар, ақшақар
Ақшақар кел, ақшақар, Жаңа жылды жетелеп. Құтты болсын жаңа жыл, Келген бізге еркелеп.
©  Жаңа жыл
Ақшақармен қызықты
Жаңа жылды тойлауда, Ақшақар бар қылықты. Жаңа жылды бір тойлап, Өткізейік қызықты.
©  Жаңа жыл
Аяз ата ақшақар
Аяз ата, ақшақар, Келді жаңа жылымыз. Ақшақардай әдемі, Болсын жаңа күніміз.
©  Жаңа жыл
Ақшақар
Жаңа жылдың сұлуы, Ақшақар бар әдемі. Құтты болсын жаңа жыл, Табысты боп, кәделі.
©  Жаңа жыл
Аяз ата, жаңа жыл
Жаңа жылдың бейнесі, Аяз ата барсыз ба? Жаңа жылды тойлатар, Бір ерекше жансыз ба? Сіз деп тақпақ айтамын, Тұрып алып қасыңа. Суретке бір түсейік..
©  Жаңа жыл
Жаңа жыл құнды сенімен
Аяз ата келіңіз, Дайын сізге төріміз. Тақпақ айтам, ән айтам, Сыйлығымды беріңіз.
©  Жаңа жыл
Аяз ата әнекей
Құтты болсын жаңа жыл, Аяз ата әнекей. Ән айтайық, билейік, Ал достарым қәнекей.
©  Жаңа жыл
Келді жаңа жылымыз
Жаңа жылдың бейнесі, Аяз ата төрімде. Келді жаңа жылымыз, Бақыт сыйлап еліме.
©  Жаңа жыл
Аяз ата келіңіз
Аяз ата келіңіз, Оң аяқпен еніңіз. Өнерлі бар балаға, Сыйлығыңды беріңіз.
©  Жаңа жыл
Атсын жайнап таңымыз
Қоян жылы күлімдеп, Атсын жайнап таңымыз. Аман болып қазағым, Жана берсін бағымыз...
©  Жаңа жыл
Тыныш болсын еліміз
Қоян жылын қарсы алып, Жаңа жылды тойлайық. Тыныш болып еліміз, Жарқырайық, жайнайық.
©  Жаңа жыл