Мектеп туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 9
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 135
Өлеңдер: 96
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 34
Құттықтау, тілектер: 53
Туындылар: 1
Әңгімелер: 65
Ертегілер: 3
Шығармалар: 14
Анекдот, әзілдер: 12
Аңыздар: 1
Эсселер: 15

Жылдың соңы кеп қалды
Хош болып тұр мектебім, Жылдың соңы кеп қалды. Үш айдан соң келемін, Жалғап балғын шақтарды.
©  Қоштасу тақпақтары
Ұстаздарға мың алғыс
Берген үздік білімін, Ұстаздарға мың алғыс. Оқу білім бұлағы, Мектебіме мың алғыс.
©  Қоштасу тақпақтары
Мұғалімге мың алғыс
Мектебіме мың алғыс, Ордасы ол білімнің. Мұғалімге мың алғыс, Берген бізге ілімін.
©  Қоштасу тақпақтары
Мектебім менің класым
Мектебім менің, класым, Бізді бірден ұғасың. Жылдың соңы, демалыс, Көңілде сен тұрасың.
©  Қоштасу тақпақтары
Мектептегі күндерім
Қандай ғажап, керемет, Мектептегі күндерім. Жылдың соңы демалыс, Сыйлар жазғы күндерін. Хош бол менің мектебім, Жайқалған шым, гүлдерім. Жаңа оқу..
©  Қоштасу тақпақтары
Қимай сені барамын
Хош бол менің мектебім, Қимай сені барамын. Жаңа оқу жылында, Қайта осында боламын.
©  Қоштасу тақпақтары
Мектебім менің мектебім
Бітті міне оқу жыл, Жылдың соңы, көктемім. Хош бол, қайта келгенше, Мектебім менің мектебім.
©  Қоштасу тақпақтары
Рахмет саған мектебім
Жылдың соңы, хоштасу, Мектебім саған рахмет. Жаңа оқу жылында, Келем қайта мен іздеп.
©  Қоштасу тақпақтары
Қайта айналып келгенше
Хош бол менің мектебім, Қайта айналып келгенше. Жаңа оқу жылында, Сәлемімді бергенше.
©  Қоштасу тақпақтары
Хош бол менің мектебім
Күз, қыс, өтіп мінеки, Келді соңы көктемім. Сағынышпен оралам, Хош бол менің мектебім.
©  Қоштасу тақпақтары
Алтын ұя — мектебім
Алтын ұя – мектебім,Өзіңде өніп, көктедім.Бас иемін алдыңда,Өзің – мәңгі көктемім.Алтын ұя – мектебім,Дәт-қуатым, от-демім.«Мақсаттарға..
©  Ермахан Шайхыұлы
Мектебім
Ұмыта қалай алмақпын,Өзіңде өткен жылдарды?!Қиялды биік самғаттым,Бетке алып арман шыңдарды.Әсем бір күйдің сазы ма ең,Достармен өткен әр күнім?Қия..
©  Ермахан Шайхыұлы
Ахмет ата оқыған мектеп
Білгенің жөн өткенін де,Жазы, қысы, көктемін де.Ахмет ата білім алғанЫбырайдың мектебінде.Білімнің болды ол қайнары,Елдің,Ердің сол ғой бағы!Ол..
©  Серікбай Оспанов
МЕКТЕП
Ана мектеп – ақ ұям,Таусылмайтын дәриям.Өнер, ғылым, білімнен.Бір өзіңнен нәр жиям.
©  Жәди Шәкенұлы
МЕН МЕКТЕПКЕ БАРАР ЕМ
Ойлануым тегін беКөрсем мектеп алаңын?Бар үйімде менің деДәптерім мен қаламым.Бояуларым тамаша,Әрбірінің түрі өзге.Қарындасым қаласа —Сурет салам..
©  Ертай Ашықбаев
ДЕМАЛЫСТАҒЫ МЕКТЕП
Кім мектепке келеді —Жоқ сәні де,әні де.Каникулда,себебі,Оқушының бәрі де.Хабарым аз достардан,Кімді қайдан ұстармын?...Мектеп —күзде бос..
©  Ертай Ашықбаев
Мектеп
Кездерiмде есiрген,Бар қатемдi кешiрген.Алғыс айтам мектепке,Бiлiм берiп өсiрген.
©  Нұрлан Қалқа
Білім күні ерекше
Білім күні ерекше, Көңіл-күйді сыйлайды. Оқушының барлығын, Бұл мектепке жинайды.
©  Білім күні
Бүгін білім күнінде
Шаттанайық, күлейік, Бүгін білім күнінде. Сабақты оқып жүрейік, Ерінбей біз күніге.
©  Білім күні
Мектеп біздің үйіміз
Мектеп біздің үйіміз, Бізге білім беретін. Ұстаз ана екінші, Бізді жақсы көретін.
©  Білім күні
Құтты болсын мереке
Бүгін білім күні бұл, Құтты болсын мереке. Әрбір сынып ішінде, Арта берсін береке.
©  Білім күні
Білім күні балалар
Білім күні балалар, Құтты болсын бүгінгі. Ұстаздарға шынайы, Ұсына біл гүліңді.
©  Білім күні
Білімді болсын әр бала
Білімді болсын әр бала, Мектепте оқып сабағын. Жақсылыққа бастасын, Сәтті қып әрбір қадамын.
©  Білім күні
Жақсы оқысын әр бала
Мектепке биыл баратын, Жақсы оқысын әр бала. Қадамдары құтты боп, Бар әлемге жар сала.
©  Білім күні
Мектепке біз барамыз
Қыркүйектің бірінде, Мектепке біз барамыз. Білім күнін қарсы алып, Әсем әнге саламыз.
©  Білім күні