1 сыныпқа тақпақтар туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 2

Білім күні
Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,
Бірде-бірі жатсынбасын ешкім де.
Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге –
Білім күні!
Сенің де ойың өсті ме?!
©  Мұзафар Әлімбаев
Ауыл маңында
Ауыл маңы саз, саз, саз.
Жайылады қаз, қаз, қаз.
Жем шашсаң, мәз, мәз, мәз.
Тоймай қалса қаз, қаз, қаз.
Шашқан дәнің аз, аз, аз.
©  Мұзафар Әлімбаев