Сан туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 5
Жұмбақтар: 13
Тақпақтар: 24
Өлеңдер: 10
Нақыл сөздер: 3

Он
Көктем келген кезiнде,Көрдiм мұны көршi үйден,Он бала бар өзiнде...
©  Ескен Елубаев
Тоғыз
Көктем келген кезiнде,Шошқа туды торайлар,Тоғыз торай бар өзiнде.
©  Ескен Елубаев
Сегiз
Көктем келген кезiнде,Күрiк болды Тауық,Сегiз шөже бар өзiнде.
©  Ескен Елубаев
Алты
Көктем келген кезiндеЖұмыртқа басты Қаз,Алты балапан өзiнде.
©  Ескен Елубаев
4.
Көктем келген кезiнде,Балалады Мысық,Олар төртеу өзiнде.
©  Ескен Елубаев
Үш
Көктем келген кезiнде,Лақтады Ешкi,Үш лақ бар өзiнде.
©  Ескен Елубаев
Екі
 Көктем келген кезiнде,Қой да туып қоздапты,Қозы екеу өзiнде.
©  Ескен Елубаев
1.
Көктем келген кезiнде,Бұзаулады Сиыр,Бiр бұзау бар өзiнде.
©  Ескен Елубаев
«0»
Аспандағы Ай,Цифрға ұқсас қай?Толған кезде ол,Аумай қалған «нөл».
©  Ескен Елубаев
«10»
Күн суықта қолға ап,Киiп алдым қолғап.Жаурамайды ендiОн саусағым тоңғақ.
©  Ескен Елубаев
«9»
Акробат қыз мықтыСахнаға шықты.Бүктелiп белi қайысты,«Тоғыз» болып майысты.
©  Ескен Елубаев
«7»
Жазда шөптi шабар,Қыста тыным табар.Шалғы бар əр үйде,«Жетiге» ұқсас бəрi де.
©  Ескен Елубаев
«6»
Есiкке салар iлiп,Мынау деген құлып.Аузы ашылған қалпыАйнымаған «Алты».
©  Ескен Елубаев
«5»
«Бес» жасағың бар ма?Онда орақты ал да,Сабына оның жалға,Көлденең қойып балға.
©  Ескен Елубаев
«4»
Ұқсастығын табадыЗер салғандар мынаған:Тура «Төрт» боп қалады.Орындықтар құлаған.
©  Ескен Елубаев
«3»
Ат жеккенде арбаға,Тəртеге байлар бар доға.Екi доға түйiскен,Қара, аумай тұр «Үштен».
©  Ескен Елубаев
«2»
Айдын көлдiң бетiндеМойынын иiп жүзгенде,«Аққуң ма бұл, «Екiң ме, –Деп қаламыз бiз кейде.
©  Ескен Елубаев
«1»
«Бiргең ұқсайтын бұл не?Ол кəдiмгi ине.Сабақтап жiп iл де,Қада онымен түйме.
©  Ескен Елубаев
Санамақ
Бір – Құр.Екі – Үкі.Үш – Құс.Төрт – Торт.Бес – Мес.Алты – Жалқы.Жеті – Кеді.Сегіз – Өгіз.Тоғыз – Қобыз.Он – Тон. 
©  Абдрахман Асылбек
Санамақ
Бір дегенім – Бөрік,Екі дегенім – Елік,Үш дегенім – Үлек,Төрт дегенім – Түйе,Бес дегенім – Бие,Алты дегенім – Арлан,Жеті дегенім – Жайран,Сегіз..
©  Абдрахман Асылбек
Жыл санау
Жылдарменен таныс:Тышқан, Сиыр, Барыс.Әрі қарай бұдан:Қоян, Ұлу, Жылан.Одан арғы көшің:Жылқы мен Қой, Мешін.Тауық пен Ит, Доңыз:Он екі жыл..
©  Абдрахман Асылбек
Нешеуміз?
Ал, санаңдар,Санаңдар,Бізге, достар,Қараңдар.Мен – үлкеніАрдақпын,Дейді мамам:«Ардақтым!».Мен – өнерпаз Арманмын,Түрлі әуенге салғанмын.Мен – спортшы..
©  Абдрахман Асылбек
Санамақ
Бір – Құр.Екі – Үкі.Үш – Құс.Төрт – Торт.Бес – Мес.Алты – Жалқы.Жеті – Кеді.Сегіз – Өгіз.Тоғыз – Қобыз.Он – Тон.
©  Абдрахман Асылбек
Сандар
Бір дегенім – бірлікОнсыз болмас – тірлікЕкі дегенімін – еңбекЕңбек бәрін – жеңбекҮш дегенім – үлесҮлес үшін – күрес.Төрт дегенім – термеТұрған жақсы..