Цифрлар туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 17

ЦИФРЛАР
Парағыма аппақЖазып осы кезден,Алсам деп ем жаттап,Цифрларды тез мен.Тіпті тыным алмай,Күнде жаттап жүрсем.Телефонда қандайЦифр барын..
©  Ертай Ашықбаев
Он
Көктем келген кезiнде,Көрдiм мұны көршi үйден,Он бала бар өзiнде...
©  Ескен Елубаев
Алты
Көктем келген кезiндеЖұмыртқа басты Қаз,Алты балапан өзiнде.
©  Ескен Елубаев
4.
Көктем келген кезiнде,Балалады Мысық,Олар төртеу өзiнде.
©  Ескен Елубаев
Үш
Көктем келген кезiнде,Лақтады Ешкi,Үш лақ бар өзiнде.
©  Ескен Елубаев
Екі
 Көктем келген кезiнде,Қой да туып қоздапты,Қозы екеу өзiнде.
©  Ескен Елубаев
1.
Көктем келген кезiнде,Бұзаулады Сиыр,Бiр бұзау бар өзiнде.
©  Ескен Елубаев
«0»
Аспандағы Ай,Цифрға ұқсас қай?Толған кезде ол,Аумай қалған «нөл».
©  Ескен Елубаев
«10»
Күн суықта қолға ап,Киiп алдым қолғап.Жаурамайды ендiОн саусағым тоңғақ.
©  Ескен Елубаев
«9»
Акробат қыз мықтыСахнаға шықты.Бүктелiп белi қайысты,«Тоғыз» болып майысты.
©  Ескен Елубаев
«8»
Мынау жатқан қайшы,Ал «Сегiз» сан қайсы?Оның екi көзi,«Сегiзiңнiң» өзi.
©  Ескен Елубаев
«7»
Жазда шөптi шабар,Қыста тыным табар.Шалғы бар əр үйде,«Жетiге» ұқсас бəрi де.
©  Ескен Елубаев
«6»
Есiкке салар iлiп,Мынау деген құлып.Аузы ашылған қалпыАйнымаған «Алты».
©  Ескен Елубаев
«5»
«Бес» жасағың бар ма?Онда орақты ал да,Сабына оның жалға,Көлденең қойып балға.
©  Ескен Елубаев
«3»
Ат жеккенде арбаға,Тəртеге байлар бар доға.Екi доға түйiскен,Қара, аумай тұр «Үштен».
©  Ескен Елубаев
«2»
Айдын көлдiң бетiндеМойынын иiп жүзгенде,«Аққуң ма бұл, «Екiң ме, –Деп қаламыз бiз кейде.
©  Ескен Елубаев
«1»
«Бiргең ұқсайтын бұл не?Ол кəдiмгi ине.Сабақтап жiп iл де,Қада онымен түйме.
©  Ескен Елубаев