1 маусым балалар күні туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 14
Құттықтау, тілектер: 9
Баталар: 2

Маусымның бұл ақ таңы
Маусымның бұл ақ таңы, Атты бүгін алғашқы. Балалардың күні бұл, Қуантатын жан-жақты. Құтты болсын балалар, Мерекең бұл бүгінгі. Асыр салып, қуанып..
©  Халықаралық балалар күні
Балалар-ау балалар
Балалар-ау балалар, Құтты болсын мерекең. Қуаныштан шаттанып, Арта берсін берекең.
©  Халықаралық балалар күні
Балалардың күнімен
Құттықтаймын сендерді, Балалардың күнімен. Қуаныңдар, шаттанып, Күлкі кетпей жүзіңнен.
©  Халықаралық балалар күні
Болмасыншы қайғы-мұң
Болмасыншы қайғы-мұң, Би билейік ән салып.Мерекені тойлайық,Бар әлемге жар салып.
©  Халықаралық балалар күні
Мерекені тойлайық
Бүгін шаттық мереке, Кел балалар тойлайық. Қол ұстасып біз бірге, Асыр салып ойнайық.
©  Халықаралық балалар күні
Сендерсіңдер еліміздің ертеңі
Сендерсіңдер еліміздің ертеңі, Балдай тәтті балапандар балалар. Мейрамдарың құтты болсын бүгінгі, Сыйлық алып, түрлі ойынды аралар.
©  Халықаралық балалар күні
1 маусым мереке
Құтты болсын балалар, Бірінші маусым мереке. Ойнап-күліп шаттанып, Арта берсін береке.
©  Халықаралық балалар күні
Құтты болсын мереке
Құтты болсын мереке, Бүгін міне кеп жеткен. Аман болсын балалар, Жанымызды тербеткен.
©  Халықаралық балалар күні
Балалармыз жаны бір
Балалармыз жаны бір, Балалармыз әні бір. Мерекенің кезінде, Қуанатын бәрі бір.
©  Халықаралық балалар күні
Бақыттымыз расында
Бақыттымыз расында, Ата-ананың қасында. Мерекені тойлаймыз, Биді билеп осында.
©  Халықаралық балалар күні
Баламыз біз әдемі
Баламыз біз әдемі, Бойында бар әдебі. Мерекеде жанданар, Баламыз жан әлемі...
©  Халықаралық балалар күні
Балалармыз бақытты
Балалармыз бақытты, Жүзіміз бал-бұл жанатын. Ата-ананың алдында, Қағатын қос қанатын.
©  Халықаралық балалар күні
Балалармыз
Балалармыз, баламыз, Жұлдыздай боп жанамыз. Балалардың күнінде, Көп сыйлықтар аламыз.
©  Халықаралық балалар күні
Баламыз
Баламыз біз баламыз, Әсем әнге саламыз. Балалардың күнінде, Мерекеге барамыз...
©  Халықаралық балалар күні