4 сыныпқа арналған тақпақ туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 7

Хош бол, хош бол бастауыш
Хош бол, хош бол бастауыш, Берген алғаш жанға азық. Сенің арқаң үйренсек, Әріп танып, біз жазып. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауыштың үні бұл
Бастауыштың үні бұл, Жүректерді тербеген. Бүрін жарған гүлі бұл, Жанымызды емдеген. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Сенен түлеп ұштым мен
Сенен түлеп ұштым мен, Биік самғап жоқ уайымБастауышым рахмет, Есімдесің әрдайым. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышым
Бастауышым таңымсың жарқыраған, Сенен білім алады сан мың адам. Түлеп биік ұшады бәрі сенен, Сондықтанда ең қымбат сенің бағаң. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышым, мектебім
Бастауышым, мектебім. Өзіңе мен хош дедім. Төрт жыл білім алып мен, Жасыл болып көктедім. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Бастауышқа рахмет
Бастауышқа рахмет, Әріптерді оқытқан. Ұстаздарға рахмет, Көңілге оны тоқытқан. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Хош аман бол ұстазым
Хош аман бол ұстазым, Білім берген біздерге. Бас иеміз шынында, Шын ниетпен сіздерге.
©  Жібек Ысқақова