9 мамыр тақпақ балабақша туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 19

Жеңіс күні ұлы күн
Жеңіс күні ұлы күн, Бейбіт күнді жалғаған. Жеңіс күні ұлы күн, Бар тыныштық орнаған. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Соғыс
Енді соғыс болмасын, Жаратқаным жар болып. Бейбіт күн мәңгі орнасын, Шырайлы атар таң болып. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Ауырады жанымыз
Ауырады жанымыз, Мұңға батып әніміз. Жеңіс күні өткенді, Еске аламыз бәріміз. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Бұл жеңіс
Қанмен келген — бұл жеңіс, Жанмен келген — бұл жеңіс. Тоғызыншы мамырда, Еске алар күн — бұл тегіс... Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
9 мамырға тақпақ балабақша
Тоғызыншы мамырда, Жеңіс күнін тойлаймыз. Жанын берген соғыста, Майдангерді ойлаймыз. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Жеңіс күнінде
Бүгінгі жеңіс күнінде, Еске аламыз сол күнді. Сезінеміз, естиміз, Қанды шайқас сол үнді. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні бүгінгі
Жеңіс күні бүгінгі, Еске салар өткенді. Енді соғыс болмасын, Жанды алар өктемді. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Жеңіс күніне тақпақ балаларға
Келді міне Жеңіс күн, Тоғызыншы мамыр бұл. Енді соғыс болмасын, Дүрліктірер елді бұл. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Ұлы Отан соғысы
Ұлы Отан соғысы, Біткен күні жеңіс күн. Қайғы мұңмен еске алар, Жеңіс күні жеңіс бұл. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
9 мамырга такпак
Тоғызыншы мамыр бұл, Жеңіс күнін тойлайтын. Мұң қуаныш арласып, Соғыс күнді ойлайтын. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Тоғызыншы мамыр
Тоғызыншы мамыр бұл, Соғыстың ызғар түні бар. Тоғызыншы мамыр бұл, Жеңістің мұңды үні бар. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
9 мамыр
Тоғызыншы мамыр бұл, Қуаныш пен мұңы бар. Жеңіс күні еске алар, Ардагердің сыры бар. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Жеңіс күніне тақпақ
Тоғызыншы мамыр бұл, Әлия, Мәншүк гүлі бар. Тоғызыншы мамыр бұл, Боздақтардың мұңы бар. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
9 мамырға тақпақ
Тоғызыншы мамыр бұл, Жүректе қалған сызы бар. Тоғызыншы мамыр бұл, Ардагердің үні бар... Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Жеңіс туы желбіреп
Тоғызыншы мамырда, Жеңіс туы тербелді. Қуандырып баршаны, Қазағыма өң берді. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Бүгінгі жеңіс күнінде
Бүгінгі жеңіс күнінде, Еске аламыз өткенді. Ардагерге алғыс деп, Өткереміз көктемді. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Ұлы Отан соғысы
Ұлы Отан соғысы, Айналаны қанды еткен. Жеңіс күні келіп бұл, Бұл өмірді мәнді еткен. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні
Ұлы Отан соғысы, Жадымыздан өшпейді. Отан үшін жан берген, Адамдар естен кетпейді. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні
9 мамырға
Тоғызыншы мамыр бұл, Жеңіс күні ағайын. Бітіп қанды соғыс бұл, Нұрландырған маңайын. Жібек Искакова
©  Жеңіс күні