7 мамыр отан қорғаушылар күні тақпақ туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 15

Құтты болсын мерекең
Отан қорғаушы ағалар, Құтты болсын мерекең. Абыройың асқақтап, Арта берсін берекең. Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Отан үшін қызмет қып
Бүгін шаттық мереке, Құтты болсын ағалар. Көңілде мұң болмасын, Жандүниеңді жағалар. Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Әкетайым асқар тау
Әкетайым асқар тау, Жаныма қуат беретін. Құтты болсын мерекең, Әр жыл сайын келетін. Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Ағаларым айбынды
Ағаларым айбынды, Құтты болсын мерекең. Көңілде мұң болмай еш, Арта берсін берекең. Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Уайым-қайғың болмасын
Отан қорғаушы ағалар, Уайым-қайғың болмасын. Ел іргесі сөгілмей, Жаратқаным оңдасын. Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Ел тынышын сақтайтын
Ел тынышын сақтайтын, Отан қорғаушы ағалар. Бейбіт күндер әрдайым, Таба берсін жалғасын. Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
7 мамырға тақпақ
Отан қорғаушы ағалар, Сіздерге біз тілейміз. Бар жақсыны жүрекпен, Алғыс айтып, үндейміз. Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Аман болшы ағалар
Абыройың асқақтап, Қанаттарың талмасын. Аман болшы ағалар, Бейбіт күн тауып жалғасын. Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Отанымның тірегі
Отанымның тірегі, Соғып тұрған жүрегі. Отан қорғаушы ағалар, Қызмет етер үнемі... Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Отан қорғаушылар күніне тақпақ
Сіздер елдің жыр, әні, Тыныштықтың тұрағы. Таудан ағар мөп-мөлдір, Шөлін басар бұлағы. Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Сіздер елдің шырағы
Сіздер елдің шырағы, Сіздер елдің пырағы. Отан қорғаушы ағалар, Елін ойлап тұрады. Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Сіздерменен
Сіздерменен көңіл жай, Сіздерменен өмір жай. Отан қорғаушы ағалар, Жылу берер күн мен ай Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Олар барда
Отан қорғаушы ағалар, Елін, жерін бағалар. Олар барда уайым жоқ, Елдің тынышын таба алар... Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Олар барда
Отан қорғаушы ағалар, Елін, жерін бағалар. Олар барда уайым жоқ, Елдің тынышын таба алар... Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні
Отан қорғаушы
Отан қорғаушы ағалар, Ел тынышын сақтайды. Антын беріп халыққа, Ел үмітін ақтайды. Жібек Искакова
©  Отан қорғаушылар күні