Кішкентай балаларға арналған тақпақ туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 82

Анашым сен
Анашым сен— аспандағы айымсың, Анашым сен— жарқыраған күнімсің.Гүлді бақтан орын алған мәңгілік, Анашым сен — тамыр терең гүлімсің. ЖібекИскакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
Анам барда шаттанамын, күлемін, Анам барда бар жақсыны білемін. «Жаратқаным жар болсын» деп анама, Әрқашанда дұға етіп жүремін. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
Ана — деген әрбір үйдің анасы, Айнымайтын қорғаны олар — панасы. Жүрегімен үн қататын біздерге, Ана — деген даралардың дарасы. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
Анашым сен — асылым, Ойлар бізді жасырын. Шырайлы күн сізбенен, Өтсе де күн жүздеген. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
«Анама» — деп ән саламын, «Анама» — деп жыр жазамын. Жүрегіммен тілек арнап, Жақсылыққа қол созамын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Анашым
Аналардың барында, Жайнар өмір бағы да. Әр күніміз күлімдеп, Атар шаттық таңы да. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Ана
Ана — біздің әніміз, Ана — біздің сәніміз. Қамқор болар әрқашан, Ана — біздің жанымыз. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар