Жеңіс туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 9
Тақпақтар: 51
Өлеңдер: 93
Нақыл сөздер: 51
Құттықтау, тілектер: 36
Баталар: 8
Әңгімелер: 13
Поэмалар: 2
Шығармалар: 7
Эсселер: 7

Тоғызыншы мамыр бұл
Тоғызыншы мамыр бұл келіп жеткен, Жеңіс күнін сыйлаған біздерге бұл. Құтты болсын Жеңісің ардегерлер, Бас иеміз еске алып сіздерге бұл.
©  Жеңіс күні
Ерекше күн, ғажап күн
Ерекше күн, ғажап күн,Тоғызыншы мамыр бұл. Құтты болсын Жеңісің, Сәтті болып жаңа күн.
©  Жеңіс күні
Күні ғажап Жеңістің
Жеңіс туын көтерген, Күні ғажап Жеңістің. Батырлары мықты бұл, Көзін құртқан немістің.
©  Жеңіс күні
Есімізде сол күндер
Есімізде сол күндер, Жанға жара салған бұл. Құтты болсын қазағым, Жеңіс күні, Ұлы күн.
©  Жеңіс күні
Жеңісті күн, жемісті
Ұлы жеңіс сыйлаған, Жеңісті күн, жемісті. Аталардың ерлігі, Тойлап отсақ Жеңісті.
©  Жеңіс күні
Жеңіс берген Ұлы күн
Соғыс бітті делінген, Жеңіс берген Ұлы күн. Ардагерді еске алар, Тағзым етер күні бұл.
©  Жеңіс күні
Төрімізде Жеңіс күн
Төрімізде Жеңіс күн, Есік ашқан айқара. Таттық дәмін жемістің, Бейбіт күнде жайқала. Бас иеміз сіздерге, Ардагерлер ардақты. Еске аламыз сіздерді..
©  Жеңіс күні
Әлия, Маншүк апалар
Әлия, Маншүк апалар, Отан үшін жан берген. Батырлары қазақтың, Шуақты атар таң берген.
©  Жеңіс күні
Бауыржандай атамыз
Бауыржандай атамыз, Батыр ұлы қазақтың. Сіздерге ата мың тағзым, Тарту еткен ғажап күн.
©  Жеңіс күні
Ардагерлер ерлігі
Отан үшін от басқан, Ардагерлер ерлігі. Жеңіс күні елімнің, Баға жетпес теңдігі.
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні ғажайып
Жеңіс күні ғажайып, Ұлы мейрам,  Ұлы күн. Ұлы күнді ұлықтап, Айтар ән мен жыр бүгін.
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні,  Жеңіс деп
Жеңіс күні Жеңіс деп, Ұрандаймыз бұл күнді. Аталарды еске алып Ұмытпаймыз бұл күнді.
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні Ұлы күн
Жеткен сол кез жеңіске, Аталарым жүректі. Жеңіс күні Ұлы күн, Жаудыратын тілекті.
©  Жеңіс күні
Аталарым ардақты
Жеткен сол кез жеңіске, Аталарым ардақты. Отан үшін от басқан, Аталарым салмақты
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні құтты болсын
Тоғызыншы мамырда, Есік ашар Жеңіс күн. Жеңіс күні кеп жеткен, Берген ғажап жепісті үн.
©  Жеңіс күні
Ардагерлер ардақты
Ардагерлер ардақты, Жеңіс күнін әкелген. Қан майданда шайқасып, Жан алысып,  жан берген.
©  Жеңіс күні
Батыр жүрек аталар
Батыр жүрек аталар, Әр жүректе сақталар. Ерліктері олардың, Санамызда жатталар. 
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні мереке
Жеңіс күні мереке, Қуанышқа бастайтын. Жеңіс күні,  жеміс күн, Бар шаттығын растайтын.
©  Жеңіс күні
Көңіліміз жай біздің
Батыл жүрек аталар, Отан үшін от басқан. Үңілсек біз тарихқа,Таусылмайтын мол дастан.
©  Жеңіс күні
Айтқан тілді аламыз.
Айтқан тілді аламыз, Алау оттай жанамыз. Жеңіс күні мәңгілік, Сыйлы етер бағамыз. 
©  Жеңіс күні
Бауыржандай қайратты
Бауыржандай қайратты, Аталардың ізіміз. Әлия,  Мәншүк апаның, Жарқын бейне жүзіміз.
©  Жеңіс күні
Біз бақытты баламыз,
Бейбіт күнде туылған, Біз бақытты баламыз.  Жеңіс күнін тойлайық, Алыстамай арамыз. 
©  Жеңіс күні
Әлия мен Мәншүгім
Әлия мен Мәншүгім, Батыр қызы қазақтың. Ынтымақ пен бірлікте, Атқан таң бұл  ғажап күн.
©  Жеңіс күні
Ұлы Жеңіс күнінде
Ұлы жеңіс күнінде, Қуаныштар көп болған. Соғыс бітіп бар жерде, Уайымдары жоқ болғап.
©  Жеңіс күні
Батырлары қазақтың
Жеңіс үшін шайқасқан, Батырлары қазақтың. Жан алып,  жан беріскен, Аңсап Жеңіс —  ғажап күн.
©  Жеңіс күні