Туған күніңіз құтты болсын туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 1

Туған күніңмен! Құттықтау
Туған күнге тілейтінім, Қуаныңыз күн сайын. Амандықта, деніңіз сау, Жүріңізші, жоқ уайым.
©  Жібек Ысқақова
Туған күн, мереке
Шаттанатын күніңіз бұл, Жеке меншік мереке. Құтты болсын, үйіңізде, Арта берсін береке.
©  Жібек Ысқақова
Тілек, туған күн
Шаттығыңыз ортаймасын, Туған күніңіз құтты болып. Өміріңіз гүл жайнасын, Басыңызға бақыт қонып.
©  Жібек Ысқақова
Туған күнге құттықтау тілек
Бүгін шаттық, мереке, Келді сіздің туған күн. Құтты болсын бүгінгі, Мерекелі думан күн.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңізбен құттықтаймын!
Туған күніңіз құтты болсын, Алла сізге қуат беріп. Саулығыңыз мықты болсын, Әр күніңіз шуақ беріп.
©  Жібек Ысқақова