Туған күн туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 6
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 209
Нақыл сөздер: 2
Құттықтау, тілектер: 415
Баталар: 4
Туындылар: 2
Әңгімелер: 8
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 1

Туған күнің құтты болсын!
Құтты болсын туған күнің, Қуанышпен келетін. Шаттанатын думан бүгін, Әр жылда бір келетін.
©  Жібек Ысқақова
Бүгін сенің туған күнің
Бүгін сенің туған күнің, Бар жақсыны тілеймін. Алла өзі жар боп саған, Амандықта жүр деймін.
©  Жібек Ысқақова
Туған күн
Туған күнің құтты болсын, Орындалып армандарың. Денсаулығың мықты болсын, Аман болып мал-жандарың.
©  Жібек Ысқақова
Туған күн
Туған күнім бола берсе,Қуанамын күнде мен.Үйге қонақ тола берсе.Шай жасауға үлгерем.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Туған күн
Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,Орындалсын ой-арман тілегіңіз.
©  Төлебаев Бағдәулет
Туған күнге тілек
Жанұяңа тілерім бақытты өмірҚуаныш келе берсін ағыл-тегілҰлдарың осы жылы аяқтаныпҚызықтап осы үйіңе келін түсір.
©  Төлебаев Бағдәулет