Туған күн туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 6
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 56
Өлеңдер: 209
Нақыл сөздер: 2
Құттықтау, тілектер: 415
Баталар: 4
Туындылар: 2
Әңгімелер: 8
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 1

Туған күніңізбен, Анашым!
Туған күніңізбен, Анашым, Саулық сізге тілеймін. Жаратқан ием жар болып, Амандықта жүр деймін!
©  Жібек Ысқақова
Анашым туған күніңмен!
Анашым менің асылым, Құтты болсын мерекең. Жаңа жасың қуантып, Арта берсін берекең.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңіз құтты болсын, әке!
Жеке меншік мерекең, Құтты болсын әкетай. Арта берсін берекең, Амандық боп әкетай!
©  Жібек Ысқақова
Әкешім, туған күніңізбен құттықтаймын!
Әкетай туған күніңмен, Бар жақсыны тілеймін. Әр күніңіз қуантып, Тек күлімдеп жүр деймін.
©  Жібек Ысқақова
Әкеме тілек
Туған күніңізбен әкешім, Құттықтаймын сізді мен. Саулығыңыз мықты боп, Жетіңіз жасқа жүз деген.
©  Жібек Ысқақова
Апа, туған күніңізбен!
Апа туған күніңмен, Құттықтаймын мен сізді. Қуаныш, шаттық тілеймін, Шын жүректен мен ізгі.
©  Жібек Ысқақова
Апа туған күніңіз құтты болсын!
Саулығыңыз мықты боп, Жүз жасаңыз апа сіз. Қуантсын деп жаңа жас, Тілейміз сізге апа біз.
©  Жібек Ысқақова
Апаға тілек
Жеке меншік мерекең, Құтты болсын апажан. Жаңа жасың қуантып, Арта берсін берекең.
©  Жібек Ысқақова
Әжетай туған күніңіз құтты болсын
Әрбір күннен бақ тауып, Шаттаныңыз әжетай. Жастан жасқа жетіп сіз, Жүз жасаңыз әжетай.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңіз құтты болсын, әже!
Бүгін туған күніңіз, Құтты болсын ақ әжем. Күлімдеп ақ жүзіңіз, Жүз жасаңыз ақ әжем.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңізбен, әжетай!
Арайлы таң сыйласын, Әжетай бар жақсысын. Жаңа жасың сыйласын, Жаңа күннің тәттісін.
©  Жібек Ысқақова
Әжетай туған күніңмен!
Құтты болсын әжетай, Бүгінгі туған күніңіз. Алла өзі жар болып, Амандықта жүріңіз.
©  Жібек Ысқақова
Әжеге тілек
Әжетай туған күніңмен, Бар жақсыны тілеймін. Амандықта, саулықта, Ортамызда жүр деймін.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңмен! Құттықтау
Туған күнге тілейтінім, Қуаныңыз күн сайын. Амандықта, деніңіз сау, Жүріңізші, жоқ уайым.
©  Жібек Ысқақова
Туған күн, мереке
Шаттанатын күніңіз бұл, Жеке меншік мереке. Құтты болсын, үйіңізде, Арта берсін береке.
©  Жібек Ысқақова
Төл мереке құтты болсын!
Туған күніңіз құтты болсын, Бүгін міне кеп жеткен. Күндеріңіз көп болсын, Қуанышты, нұрлы еткен.
©  Жібек Ысқақова
Жеке меншік мерекеңіз құтты болсын!
Жеке меншік мерекеңіз, Құтты болсын бүгінгі. Бар жақсыны тілеп сізге, Ұсынам тілек гүлімді.
©  Жібек Ысқақова
Тілек, туған күн
Шаттығыңыз ортаймасын, Туған күніңіз құтты болып. Өміріңіз гүл жайнасын, Басыңызға бақыт қонып.
©  Жібек Ысқақова
Туған күнге құттықтау тілек
Бүгін шаттық, мереке, Келді сіздің туған күн. Құтты болсын бүгінгі, Мерекелі думан күн.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңізбен құттықтаймын!
Туған күніңіз құтты болсын, Алла сізге қуат беріп. Саулығыңыз мықты болсын, Әр күніңіз шуақ беріп.
©  Жібек Ысқақова
Туған күніңмен құттықтаймын!
Туған күнің құтты болсын, Арайлы таң шуақ шашып. Денсаулығың мықты болсын, Сәттілікте қадам басып.
©  Жібек Ысқақова
Құттықтау, туған күн
Жаңа жасың бақ әкелсін, Әрбір күні күлімдеп сен. Бар әлемнің бар жақсысын, Бір өзіңе тілеймін мен.
©  Жібек Ысқақова
Туған күнге құттықтау
Жанарыңда мұң болмасын, Туған күнің құтты болып. Армандарың орындалсын, Отбасыңа бақыт толып.
©  Жібек Ысқақова
Туған күнге тақпақ
Күлім қағып жанарларың, Бақ сыйласын жаңа жасың. Денсаулығың мықты болып, Дәмді болсын ішер асың.
©  Жібек Ысқақова
Туған күнге тілек
Туған күнде күлімдей түс, Жүзіңнен нұр кетпесін. Армандарың орындалып, Бар жақсылық беттесін.
©  Жібек Ысқақова