Көрісу күні туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 12
Өлеңдер: 2
Құттықтау, тілектер: 7
Шығармалар: 1
Эсселер: 2

Көрісейік аман боп
Көрісейік аман боп, Тыныш, бейбіт заман боп. Күндерге амал, жетейік, Оңды басар қадам бопЖібек Искакова
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Амал күні бүгін бұл
Амал күні бүгін бұл, Құшақ ашып, тойлайтын. Сыйластықты ту етіп, Қуанышты жалғайтын. Жібек Искакова
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Бір жас қосып қайтадан
Бір жас қосып қайтадан, Көрісуге келдік біз. Көктем келді жайқалған, Жолын беріп қыс пен күз. Жібек Искакова
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Көрісудің күнімен
Көктемде бір келетін, Көрісудің күнімен. Қуаныштар көбейсін, Сыйластықтың үнімен. Жібек Искакова
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Амал күні бүгін бұл
Амал күні бүгін бұл, Көрісетін барлық жан. Гүл көктемдей құлпырып, Сыйластықпен танылған.. Жібек Искакова
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Сыйластықта жүрейік
Сыйластықта жүрейік, Сөз қадірін білейік. Көрісудің күнінде, Табысайық, күлейік... Жібек Искакова
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Қуанайық, шаттана
Қуанайық, шаттана, Әрбір күннен бақ таба. Көрісейік біз бірге, Жаңа күнмен мақтанаЖібек Искакова
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Көктемменен бір келген
14 ші наурызда, Көктемменен бір келген. Амал ету мейрамы, Көк майсадай гүлденген. Жібек Искакова
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Амал мерекесі
Амандасу, тілдесу, Құшақтасу, бірлесу. Мерекесі амалдың, Жан дүниеңмен үндесу. Жібек Искакова
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Көктемгі бұл көрісу
Көктемгі бұл көрісу, Сыйластықты ту еткен. Амал ету мейрамы, Қуанышты үндеткен. Жібек Искакова
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
14 наурыз көрісу күні
Атырау, Алтай арасы, Бауырмал қазақ баласы. Көрісудің күнінде, Арта түсер бағасы... Жібек Искакова
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Көрісу күніне
Көктем келді гүл ашып, Күн шуағы нұр шашып. Көрісудің күнінде, Біздер тұрмыз жырласып. Жібек Искакова
©  Көрісу күні, Амал мерекесі