Сарбаз туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 3
Тақпақтар: 23
Өлеңдер: 18
Құттықтау, тілектер: 43
Әңгімелер: 3
Шығармалар: 1
Эсселер: 1

Жарық біздің жүзіміз
Сендер барда, Ұландар, Жарық біздің жүзіміз. Тыныш, бейбіт заманда, Жақсы өтуде күніміз. Рахмет саған, Ұландар, Амандықта жүріңіз!
©  Ұлттық ұлан күні
Сендердей біз боламыз
Ертең біздер өскенде, Сендердей біз боламыз. Қызымет қып ел үшін, Толған айдай толамыз!
©  Ұлттық ұлан күні
Ұландарым тек алға
Ұландарым тек алға, Қанаттарың талмасын! Мерейлерің үстем боп, Бар жақсылық орнасын!
©  Ұлттық ұлан күні
Жасай берші, Ұландар!
Жасай берші, Ұландар, Істеріңіз оң болып. Жаратқаным жар болсын, Саулықтарың зор болып.
©  Ұлттық ұлан күні
Ұландар ол қырандар
Ұландар ол қырандар, Қанат қағып ұшатын. Елдің әрбір баласын, Бауырына қысатын.
©  Ұлттық ұлан күні
Ұлан күні ерекше
Ұландардың құрылған, Ұлан күні ерекше. Жасай берші, Ұланым, Елді ісіңмен тербете.
©  Ұлттық ұлан күні
Ұлан деген есімің
Ұлан деген есімің, Жатталады санамда. Елді сүю маңызды, Маған, саған, оған да.
©  Ұлттық ұлан күні
Ел тынышын қорғаймын
Мен де өскенде үлкен боп, Ел тынышын қорғаймын. Ұланы боп елімнің, Суыққа қа да тоңбаймын.
©  Ұлттық ұлан күні
Ұлан деген атыңыз
Ұлан деген атыңыз, Есімізде сақталар. Елдің азаматтары, Ел үшін іс атқарар.
©  Ұлттық ұлан күні
Мен де Ұлан боламын
Өскен кезде сіздердей, Мен де Ұлан боламын. Қанаттары талмайтын, Мен де қыран боламын.
©  Ұлттық ұлан күні
Ұландарым айбынды
Ұландарым айбынды, Үстем болсын мерейің. Қырандары қазақтың, Саған ән сап берейін...
©  Ұлттық ұлан күні
Ұлттық Ұлан рахмет
Ұлттық Ұлан рахмет, Қызметтесің ел үшін. Саулығыңды тілейміз, Әрқашанда сен үшін!
©  Ұлттық ұлан күні
Қырандары қазақтың
Қырандары қазақтың, Мерекеңмен бүгінгі. Ұлттық ұлан жасай бер, Сәтті өткізіп күніңді.
©  Ұлттық ұлан күні
Ұландары қазақтың
Ұландары қазақтың, Құтты болсын мерекең. Ұлттық Ұлан күнінде, Артсын дәйім берекең!
©  Ұлттық ұлан күні
Ұлттық Ұлан жасай бер
Ұлттық Ұлан жасай бер, Қызыметте ел үшін. Ұлттық Ұлан күнінде, Көріп еңбек жемісін!
©  Ұлттық ұлан күні
Күлім қақсын жүздерің
Мерейі асқақ ағалар, Арта берсін берекең. Келіп жеткен бүгінгі, Құтты болсын мерекең
©  Отан қорғаушылар күні
Болмасыншы қайғы-мұң
Отан қорғар ағалар, Болмасыншы қайғы-мұң. Ел тынышы сақталсын, Күлім қағып ай, күнің.
©  Отан қорғаушылар күні
Абыройың асқақтап
Құтты болсын ағалар, Мерекеңіз бүгінгі. Абыройың асқақтап, Сәтті өткіз әр күніңді.
©  Отан қорғаушылар күні
Елді қорғар ағалар
Істеріңіз оң болсын, Елді қорғар ағалар. Жан көп болсын патриот, Істеріңді бағалар.
©  Отан қорғаушылар күні
Ағаларым жүректі
Ағаларым жүректі, Елді қорғап жүретін. Қорғап елді жанымен, Ел қадірін білетін.
©  Отан қорғаушылар күні
Сіздер барда ағалар
Тыныш біздің еліміз, Сіздер барда ағалар. Отан қорғар жігіттер, Батыл жүрек саналар.
©  Отан қорғаушылар күні
Ағаларға мың алғыс
Елді қорғап жүретін, Ағаларға мың алғыс. Елін сүйер қашанда, Біз де сіздей боламыз.
©  Отан қорғаушылар күні
Жас сарбаз
Не бір суық күз өтіп,Бұрқасынды, боранды,Отан шебін күзетіп,Сарбаз елге оралды.Аяғында етігі,Белінде әсем белдігі.Жалтыраған түймелі,Жарасып тұр..
©  Абдрахман Асылбек