25 мамыр туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 17
Өлеңдер: 8
Құттықтау, тілектер: 16
Баталар: 3
Әңгімелер: 4
Шығармалар: 1

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ
Кісінеген құлын ба,Маңыраған лақ па?Сыңғыр-сыңғыр қоңырау,Үн келеді құлаққа.Мөңіреген бұзау ма,Сыңғыраған бұлақ па?Сыңғыр-сыңғыр қоңырау,Сыбырлайды..
©  Жәди Шәкенұлы
Хош аман бол ұстазым
Хош аман бол ұстазым, Білім берген біздерге. Бас иеміз шынында, Шын ниетпен сіздерге.
©  Жібек Ысқақова
Хош аман бол мектебім
Хош аман бол мектебім, Қайта айналып келгенше. Білім күні сағынып, Оң аяқпен енгенше.
©  Соңғы қоңырау күні
Соңғы қоңырау үнімен
Соңғы қоңырау үнімен, Тербелеміз біз бүгін. Соңғы вальс әнімен, Би билейміз біз бүгін.
©  Жібек Ысқақова
Келді соңғы қоңырау
Келді соңғы қоңырау, Үш ай жазғы демалыс. Достар аман болыңдар, Жақындағы, ең алыс.
©  Соңғы қоңырау күні
Ашық болсын жолдарың
Бүгін соңғы қоңырау, Құтты болсын кеп жеткен. Ашық болсын жолдарың,Күндер көп боп тербеткен. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Түлектерге сәттілік
Соңғы қоңырау үнімен, Би билеген түлектер. Биікке өрле, самғаңдар, Орынлалып тілектер!
©  Соңғы қоңырау күні
Көріскенше қайтадан
Бүгін соңғы қоңырау, Ашық болсын аспаның. Көріскенше қайтадан, Білім күні достарым. Жібек Искакова
©  Жібек Ысқақова
Соңғы қоңырау бастайды
Соңғы қоңырау бастайды, Демалысқа біздерді. Хош аман бол достарым, Жалғап жарқын іздерді.
©  Соңғы қоңырау күні
Құтты болсын мереке
Бүгін соңғы қоңырау, Құтты болсын мереке. Қыркүйекте қауышып, Арта берсін береке. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Соңғы қоңырау келді бұл
Соңғы қоңырау келді бұл, Нұрын шашқан көктемдей. Қуанышын берді бұл, Көңілге жыр сепкендей. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Бүгін соңғы қоңырау
Бүгін соңғы қоңырау, Үніменен тербеген. Үш ай жазғы демалыс, Кел соңымнан ер деген. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Ұстаздарға мың алғыс
Ақ жұлдыздай жарқырап, Нұр сәулесін төгетін. Ұстаздарға мың алғыс, Бізге білім беретін. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Келді соңғы қоңырау
Келді соңғы қоңырау, Қоштасатын сәт бүгін. Хош аман бол ұстаздар, Әр күн сыйлап тәтті үнін. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Соңғы қоңырау үнімен
Соңғы қоңырау үнімен, Тербелеміз біз бүгін. Ұстаздарым айтуда, Осы жылдың үздігін. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Соңғы қоңырауға
Бүгін соңғы қоңырау, Тербеді үні біздерді. Жаратқаным жар болып, Қуантсыз ұстаз сіздерді. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні
Соңғы қоңырау
Келді соңғы қоңырауХош бол мектебім. Оқу жылын бітірдік, Күлім қағып көкте күн. Жібек Искакова
©  Соңғы қоңырау күні