Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Қаржыгерлер қызметі
Қаржыгерлер қызметі, Ерекше әрі жауапты. Ойлайды олар жан-жақты, Жол мен әрбір тарапты.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Теңгемізбен мақтанам
Теңгемізбен мақтанам, Ұлтымыздың жанындай. Айналымда жүрсінші, Жүрісінен жаңылмай.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Қаржыгерлер жұмысы
Қаржыгерлер жұмысы, Жауапты әрі маңызды. Біледі олар әрдайым, Ел алдында парызды.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Біздің теңге
Біздің ұлттық валюта, Біздің теңге әдемі. Ұлттық күйді беретін, Бар өзіндік әдебі.
©  Ұлттық валюта – теңге күні
Құтты болсын мерекең
Құтты болсын мерекең, Бүгінгі бұл кеп жеткен. Мамандары Айтидің, Күнің көп боп тербеткен.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Оныншы бұл қараша
Айти қызметкерінің, Күні күзде тойланар. Оныншы бұл қараша, Көңіліңіз жайланар.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Оқиық біз Айтиді
Оқиық біз Айтиді, Заманның бұл талабы. Компьютерді білсеңіз, Білімдісіз даналы.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Айти маман керек ақ!
Айти маман керек-ақ, Көңілге күй береді-ақ. Оқып, біліп, үйренгім, Расыменде келеді-ақ.. Айтидің бұл заманы, Ғажайып бір береді ат.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Компьютер жарық ғалам
Компьютер жарық ғалам, Қолданатын барлық адам. Мол табысқа кенелесіз, Болсаңыз сіз Айти маман!
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Мен де сіздей боламын
Мамандары айтидің, Компьютерді меңгерген. Мен де сіздей боламын, Компьютермен тербелген.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Технология заманы
Технология заманы, Есік ашқан бұл заман. Компьютер, бағдарлау, Маңызы бар бұл заман.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
10 қараша бүгін
Оныншы қараша бүгін, Күні Айти маманы. Түрлі істі бағдарлау, Істердің бұл адамы.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Компьютермен біргемін
Компьютермен біргемінҮйреніп ап бағытын. Айти жолын таңдаймын, Тауып өмір бақытын.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Айти берер мол табыс
Айти берер мол табыс, Айти берер қорғаныш. Компьютер заман талабы, Бізге керек қолдағы іс.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Компьютерсіз күнің жоқ
Компьютерсіз күнің жоқ, Мектепте де компьютер. Аруханаға барсаңыз, Тағы шығар компьютер. Компьютерді білмеуің, Оны ұстап көрмеуің. Байланысты Айтиге..
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Компьютер заманы
Компьютер заманы, Соған қарай адамы. Білу керек біз оны, Бұл заманның талабы.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Бағдарлаушы боламын
Сайтты жасап, үйреніп, Бағдарлаушы боламын. Компьютерді меңгеріп, Биік шыңға қонамын.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Айти қызметкері боламын
Мен өскенде Айтидің, Қызметкері боламын. Оқып әрбір бөлімін, Толған айдай толамын.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Компьютерді оқимыз
Айти жолын бағдарлап, Компьютерді оқимыз. Әр жазбасын зерделеп, Көңілге оны тоқимыз.
©  Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Мерекеде бүгінгі
Мерекеде бүгінгі, Шаттаныңыз, күліңіз! Күзетші сіз ағалар, Тек аман боп жүріңіз!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Қызметіңде
Қызметіңде жарқыра, Күзетші оу ағалар! Күштерің бар бойыңда, Шамнан шырақ жаға алар!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Жарқырасын күн айың!
Оу күзетші ағалар, Жарқырасын күн, айың! Істеріңіз оң болсын, Жар боп сізге Құдайым!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Күзетшілер жасасын!
Еңбек етер ерінбей, Елі үшін тоқтамай. Жүрген жандар көзетші, Ел үмітін ақтап-ай!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Күзетшілер еңбегі
Күзетшілер еңбегі, Бірден көзге көрінбес. Ағалар ол ең мықты, Қиындыққа берілмес!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Жарқырап мен күн, айдай
Ағаларым күзетші, Мен де сіздей боламын. Жарқырап мен күн, айдай, Жұлдыз болып жанамын!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні