Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Құтқарушы ағалар
Құтқарушы ағалар, Батыл мықты,  жүректі. Аман бол деп сіздерге, Мен айтамын тілекті.
©  Құтқарушылар күні
Нан болмаса уайымдап
Нан болмаса уайымдап, Үн қатады бар халық. Нанмен бірге жанымыз, Көгереді жанданып.
©  Нан күні
Дастарханда нан болсын
Әрбір үйде әрдайым, Дастарханда нан болсын. Нанмен бірге шырқалар, Әуелеткен ән болсын!
©  Нан күні
Нансыз өмір болмайды
Нансыз өмір болмайды, Мұңын сыйлап көңілге. Нанмен бірге жанымыз, Қуттанар өмірде.
©  Нан күні
Нан дегенің ұлы ас
Нан дегенің ұлы ас, Дастарханнан табылар. Нан болмаса жанымыз, Мұңды болып, жабығар.
©  Нан күні
Нанмен бірге көгерер
Нанмен бірге көгерер, Азық алып жанымыз. Нансыз өтер күн болмас, Нұрын шашар таңымыз.
©  Нан күні
Нанның аты нан емес пе?
Нанның аты нан емес пе, Азық болар әрдайым. Нанмен бірге жанданамыз, Көңіл шаттық, жоқ уайым.
©  Нан күні
Нансыз болмас күніміз
Нансыз болмас күніміз, Ас атасы нанымыз. Нанмен бірге көгерер, Азық алып жанымыз.
©  Нан күні
Ас атасы нанымыз
Ас атасы нанымыз, Таусылмасын әрдайым. Нанмен бірге өмірді, Сүрейікші, жоқ уайым.
©  Нан күні
Нан күнімен бүгінгі
Нан күнімен бүгінгі, Құттықтаймын сіздерді. Жаратқаным әрдайым, Қуандырсын ізгі елді.
©  Нан күні
Нан болсыншы әр үйде
Нан болсыншы әр үйде, Берекесін беретін. Нан бар жерде ән де бар, Қуанышпен келетін
©  Нан күні
Нанмен бірге көгерер
Нанмен бірге көгерер, Жасыл-желек бағымыз. Нанмен бірге шырқалар,Әуелетіп әніміз.
©  Нан күні
Бүгінгі нан күнінде
Бүгінгі нан күнінде, Жадырасын жанымыз. Нан күнінде жадырасын, Кіре берсін сәніміз.
©  Нан күні
Он алтыншы қазанда
Он алтыншы қазанда, Тойланады нан күні. Нан бар кезде бақытты, Сезінеміз әр күні.
©  Нан күні
Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын, Нанымыз бар, сәніміз. Нан бар жерде шықалар, Әуелетіп әніміз.
©  Нан күні
Ас атасы нанымыз
Ас атасы нанымыз, Таусылмасын әр үйде. Нанмен бірге жандансын, Бақытты боп бәрі үйде.
©  Нан күні
Нан, нан нанымыз
Нан, нан нанымыз,Болсын әрбір үйде бұл. Нан бар жерде жүреміз, Көтеріңкі күйде бұл.
©  Нан күні
Нанмен бірге біз бармыз
Нанмен бірге біз бармыз, Дастарханда нан тұрса. Көңіліміз тоқ біздің, Нанымыз көп, бар болса
©  Нан күні
Әніміз бен сәніміз
Әніміз бен сәніміз, Құтты болсын нан күні. Қуаныш пен шаттығын, Сыйлай берсін таң нұры.
©  Нан күні
Құтты болсын нан күні
Құтты болсын нан күні, Он алтыншы қазан бұл. Нан күнінде жарқырап, Қуанышта шықсын үн.
©  Нан күні
Аялаймыз нанды біз
Аялаймыз нанды біз, Нан қиқымын шашпаймыз. Қастерлейміз нанды біз, Жерде жатса баспаймыз.
©  Нан күні
Әрбір үйде нан болсын
Әрбір үйде нан болсын, Көңілдері жай болып. Нан бар жерде ән болсын, Бар жақсыға сай болып!
©  Нан күні
Нансыз өмір өмір ме?!
Нансыз өмір өмір ме, Нансыз болмас күніміз. Нан жоқ болса егерде, Күлер ме еді жүзіміз?!
©  Нан күні
Нан күнімен
Бүгінгі нан күнімен, Құттықтаймын сіздерді. Жаратқаным жар болсын, Қуандырып біздерді.
©  Нан күні
Ас атасы нанымыз
Ас атасы нанымыз, Азық бізге әрқашан. Қадірлесін нанды бұл, Аяласын барша жан.
©  Нан күні