Қаңбақ туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 2
Жұмбақтар: 6
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 17
Жаңылтпаштар: 2
Туындылар: 1
Әңгімелер: 1
Ертегілер: 2

Бергенмен аумақты,Бермепті оған салмақты. (қаңбақ)
Ұшарымды жел біледі,
Қонарымды сай біледі.
Бір-ақ жерде жасында
Тұрды оранып жасылға.
Қартайғанда сарғайды,
Кезіп кетті сай-сайды.
Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді.
Бар екен бір асыл зат жерден өнген,
Кезуге жер дүниені өзі көнген.
Барады дөңгеленіп тор жорғадай,
Айдалада жүруге тым-ақ жөндем.

жауабы
Қаңбақ
Желден қатты сасады,
Томпалаңдап қашады.
Тiрелгенше дәңге кеп,
Дедектейдi дөңгелеп.

жауабы
Қаңбақ