Есепшот туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 15

Жүз төрт түйме,Он бір ине.Есепшот
©  Мұзафар Әлімбаев
Бір қара дөңгелек,
Арлы-берлі дөңгелеп.
Әр нәрсені тексеріп,
Санағанда тым зерек.

Жауабы: Есепшот
Сегіз оннан құралған сексен сегіз,
Арасында төрт-төрттен екі сегіз.
Кейде жиып кетеді,кейде тосып,
Шешесіз ақылға сап..
Бір талай құс кеп қонды балағанға,
Болады сексен сегіз санағанда.
Ішінде сексен үйрек, сексен қарға,
Құйрығын жан шыдатпас..
Қойыма қора соқтым жермен жексен,
Бұл қойым кейде сегіз, кейде сексен,
Сегізді сексен менен қосып салса,
Болады сексен сегіз..
Бар еді бір жұмбағым сексен сегіз,
Табасың ақылменен ескерсеңіз.
Болғанда бірі-онға, оны-мыңға,
Жауабын кешіктірмей жеткерсеңіз.

жауабы
Есепшот
Айналасы қорған,
Он жігіт бар торыған.
Есебі көңілден,
Арқаны темірден.

жауабы
Есепшот
Бітімді төрт бұранда,сегіз сала,
Үстінде ойнақтайды сексен бала.
Еш пенде бұл жұмбақты тапқан емес,
Тауып бер жұмбағымды шапшаң..
Бағылған бір қорада жүздей саулық,
Соғылған қорғаны бар биік тау қып.
Бес қасқыр араласып бастан-аяқ,
Бірін қуып, бірін тартып кетті..
Бір нәрсе бұл дүниеде жоқ дерегі,
Әр жерде ақылдассаң бар керегі,
Қыстауы, жаз жайлауы он өзенде,
Өзінің сексен сегіз дөңгелегі.

жауабы
Есепшот
Айнала қарағайдан тұр терегі,
Адамға ақыл қосса бар керегі.
Ол өзі он өзекті жайлап өткен,
Сексен сегіз келеді дөңгелегі.

жауабы
Есепшот
Бір қалаға қоныпты ұшып келіп,
Топтана сексен сегіз қараша үйрек,
Төртеуден бөлініпті бір сегізі,
Қалғаны кілең оннан-оннан бөлек-бөлек,
Болған..
Бір нәрсе сондай епті жер баспайды,
Аптығып ақылынан бір саспайды.
Данышпан ақылы көп сондай зерек,
Жаңылып басқа жөнге бір..
Ол не дүр бір нәрсе бар ойға зерек,
Жүгірер әрлі-берлі дөп-дөңгелек.
Жай нәрсе өз бетімен түк білмейді,
Қосымша адамзаттың зейіні..
Бiр қора дөңгелек,
Арлы-берлi дөңгелеп.
Әр нәрсенi тексерiп,
Санағанда тым зерек.