Шаңсорғыш туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 7
Ертегілер: 2

Темірден бар қорабы,Үй тозаңын сорады.(Шаңсорғыш)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Шаң жұтып жатқан:Ішегін тартқан,Ұзын арқан. (шаңсорғыш)
Шаңға толған шанағы,
Қоқыр-соқыр – тамағы.

Жауабы: Шаңсорғыш
Апам үшін қам жеген:
Тозаң жұтып, шаң жеген.
Жатыр үйде айдаһар,
Ондай мешкей қайда бар?

Жауабы: Шаңсорғыш
Еденді кеп жаласа,
Қалдырмас ол түгіңді.
Аузына таласа
Бар қиқым жүгінді,
Тазалауы тамаша,
Кілем мен алаша,
Жайнайды қараса.

Жауабы:..
Едендi кеп жаласа;
Қалдырмас ол түгiндi.
Аузына таласа
Бар қиқым жүгiндi,
Тазалауы тамаша,
Кiлем мен алаша,
Жайнайды қараса.
Алғандай шоқ басып,
Жалманып жар салады.
Адамға жақтасып,
Тазалық аңсағаны.