Кілт туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 3
Жұмбақтар: 12
Өлеңдер: 16
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 2
Ертегілер: 1
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1

Сен оны ұмытпа!Ұясы құлыпта.(Кілт)
©  Серікбай Оспанов
Кіп-кішкене бар мықты.Інге кіріп алады.Есіктерді, сандықтыСол ашады, жабады.(Кілт)
©  Серікбай Оспанов
Өзі темір,
Өзi жеңіл.
Есіктерді
Ашар не бip.

Жауабы: Кілт
Жылжымалы жақ,
Бұлжымалы жақ.
Оңға бұрап бақ,
Солға бұрап бақ —
Үлкенге де шақ,
Кішіге де шақ.

Жауабы: Универсал кілт
Құлып аузын ашатын да,
Жабатын да құралмын.
Бірақ қазір бұл жерде мен
Музыка әлемін ашамын.

Жауабы: Скрипка кілті
Көмейлете інді,
Сүңгітіп ем тілді.
Темір кісен діні,
Кейін қарай шегінді.

Жауабы: Кілт
Шешесі үйде қалады,
Баласы кісіге ереді.

Жауабы: Құлып, кілт
Жоғарыдан айдаған,
Белін берік байлаған.
Сидам құлға жолықсаң,
Өз еркіне қоймаған.

Жауабы: Кілт
Шырт-шырт етеді,
Шыртылдап барып, кіріп кетеді.

Жауабы: Кілт
Алыстан қаңғыр-күңгір,
Жақыннан бұрау темір.

Жауабы: Кілт
Жол бермес жүрейін деп жалынсаң да,
Естімес айтқан сөзді бағынсаң да,
Қақпақты қаққан қазық иір тұмсық,
Ешқандай жақындамас бөтен..
Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада.