👈 қаріп өлшемі 👉

Ескі жұмбақтар туралы Жұмбақтар ✍️


Жұмбақтар: 13

Пайда болғанда адам баласы,Қандай құралды алғаш қолданды?(Тас құралды)
Кең байтақ жеріміз бар құшақ жетпесҚаптаған елді - мекен саны жетпесОблыстың санын айтшы елімдегіЕгер де білмей қалсаң дымың кетпес(14)
 Қазақтар небір жандар қыршын болдыСолардың арқасында шынындай бақыт қондыСерігін Исатайдың айтсаң еттіБүгінгі жиынымыз сонда бір, болар..
Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерекОндайлар Отаныма өте керекТәуке хан жазған екен заң жинағынТапсаңдар болғандарың асқан зерек(Жеті жарғы)
Таңертең төрт аяқпен,
Түсте екі аяқпен,
Кешке үш аяқпен жүреді, —
(Еңбектеу, жастық, кәрілік)
Есікте жасауыл бар екі катар,
Барғанда ұрып-соғып қан қақсатар.
Ол адам жәбірленіп тұрғанында,
Біреу кеп ар жағынан әрі тартар.
Азып-арып онан..
Әй, керемет бір ит бар,
Үй бағады, үрмейді,
Аяғы жоқ, жүрмейді,
Ұлықсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.
(Құлып)
Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін дүниежүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде, қызы — күндіз,
Жүргенде білінбейді басқан ізі.
(Күн мен ай)
Қараша тауым қарлы болды,
Бір жауса кетпейтұғын зәрлі болды.
(Шаштың ағаруы)
Ал енді, мен берейін жұмбақ сайлап,
Дүлдүлді сахараға қойдым байлап;
Бұлбұл құс отырады үйде сайрап,
Бір гауһар қолымызда тұрған жайнап.
Жел..
Ізі бар, қадамы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге таяғының.
Қос қолды хайуанға арта салып,
Салады әуезіне баяғының.
(Арба)
Кішкене ғана тостаған,
Лақтырып мені тастаған.
(Үзеңгі)
Төсек астында төрт бауырсақ.
(Сиырдың емшегі) 

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы